Тодд Филиппстың «Джокер» картинасы күллі киногерлерді табысымен таңқалтуда!

Сообщить о проблеме с эфиром

«The Variety» басылымының мәлімдеуінше, психологиялық триллер екі аптаның ішінде $543 миллион доллар жинап үлгерген! Алайда, киносарапшылардың бірі комикс кейіпкеріне арналған туындыны сынға алса, қалғандары Хоакиннің шеберлігін жарыса жазуда. Актер, осы образы үшін «Оскар» алуы мүмкін деген болжамдар да жасалуда.

Хоакин Феникс, актер:

- Режиссерім Тодд Филипспен түсірілімге жарты жыл қалғанда, Джокер қандай болуы керек, қалай күлуі керек, барлығын анықтап алдық. Осы рөл үшін 24 келі салмақ тастадым. Тіпті, психологиялық жағдайым нашарлап кетті.

Аталмыш картина үлкен экранға жол тартқалы, «Джокерамания» кеңінен белең алуда! Кейіпкерге қызыққан көрермен арасында жұлдыздар да жетерлік! Мәселен, отандық актер Аян Өтепберген кішігірім челлендж де бастап кеткен еді.

Ал, ресейлік тележүргізуші Иван Ургант Доминик Джокер есімімен етене таныс, Александр Бреславскиймен бірге картинаға пародия жасады. Онда, шоумен Роберт Де Нироның орнында төбе көрсетсе, Доминик Джокер басты рөлде.