Димаш Құдайберген «Знай» бейнебаянына айтылған толассыз сынды қалай қабылдады?

Сообщить о проблеме с эфиром

10 желтоқсан Нью-Йорктағы қайталанбас концерт! Ерекше даусымен танылған Димаш Құдайбергеннің бұл жаңалығын әлемнің тең жартысы тағатсыздана күтуде десек те болады.

Сәкен Майғазиев, әнші:

- Қай бір жылы Таркан шыққан кезде, әлемді таң қалдырып. Сол кезде «шіркін-ай біздің қазақтың азаматтары әлемдік аренаға қашан шығады» деп армандаушы едік. Міне, сол күнге де жеттік, құдайға шүкір.

«Арнау» деп аталатын әлемдік турнесінде Димаш қазақ, ағылшын, қытай және орыс тілдерінде ән шырқайды. Мұхиттың арғы жағында 20 мыңға жуық тыңдарманның басын біріктіргелі отырған тұңғыш қазақ әншісі.

Қанат Айтбаев, Димаштың әкесі:

- Димаштың халықаралық бағытта көптеген концерттері жоспарланған, алдымызда 29 қарашада Ресейдің мәдени астанасы Санкт-Петербург қаласында концерт өтеді. Одан кейін 10 желтоқсан Нью-йоркта «Барклайс» стадионында концерт өтеді.

Сондықтан, Димаш күн-түн демей дайындық үстінде. Тіпті, әнші уақыт тапшылығынан, өткен сенбі өз атымен шыққан иіс суының тұсау кесеріне де келе алмаған еді.

Қанат Айтбаев, Димаштың әкесі:

- Ұйымдастырушы тарап, біздің Ресейдегі біздің бағыттағы әріптестеріміз. Нью-Йорктағы концертті ұйымдастырып жатқан біздің қазақстандық «Қазақ әуендері» коорпорациясы, мәдениет министрлігі. Сондықтан жұмыла көтерген жүк жеңіл дейді, қазақ елінің атынан бара жатқаннан кейін осындай көптеп, көмектеп жақсы өнер көрсетуге тырысып, сол концертте барынша дайындалып жатырмыз.

Қанат Айтбаев халықаралық команданың басы бірігіп, үлкен дайындық жасап жатыр, - дейді. Сол тығыз кестесінен уақыт тауып бейнебаян түсірген ұлының еңбегін бір-ақ сәтте жоққа шығарып, сын садағына ілгендерге өз жауабын берді.

Қанат Айтбаев, Димаштың әкесі:

- Бір адамдар енді оң қабылдайды, бір адамдар дұрыс қабылдамауы мүмкін, барлығы заңдылық өнердегі. Сондықтан енді басым көпшілікке ұнайтын клиптер түсіріледі деп есептейміз. Енді ол клиптің айтатын ойы, оның бірнеше рет қараған адамдарға үлкен экраннан зер салып бақылаған кезде түсінікті болады деген ойдамын.