Джей Ло сүйіктісінің көзіне шөп салғанын біліп қойды.

Сообщить о проблеме с эфиром

Джей Ло сүйіктісінің жылдар бойы көзіне шөп салып келгенін біліп қойды. Енді, ашулы актриса ғашығынан кек алу үшін, өзі аса тани қоймайтын математика мұғаліміне тұрмысқа шықпақ! Естілер құлаққа ерсілеу оқиға, 2020-шы жылы жарыққа шығатын «Маған үйленші» фильмінің сценарийінен үзінді.

Дәл қазір картинаның түсірілім жұмыстары жүріп жатыр. Бүгін, Дженнифер кезекті сахналардың бірінде қызыл кілемде жарқырады. Нағыз таныс ортада актриса өзін тым еркін ұстады. Тіпті, қаумалаған камера Джей Лоны шабыттандырса керек, керекті дубль әп-сәтте шықты.

Елизаветта ІІ талауға түсті. Жоқ-жоқ адамдардың емес, өзі сүйіп, баптап өсіріп жүрген иттері түскі серуен кезінде патшайымға тап беріпті. Абырой болғанда, сарай қызметшілері уақытылы ажыратып үлгерген. Соған қарамастан Елизаветта ІІ-ге медициналық көмек көрсетіліп, тізесіне тігіс салынған.

Түсірілім алаңынан, бірден ота залына... Арнольд Шварцнеггер ажал тырнағынан аман қалды. «Терминатор. Түнек тағдырлар» фильмінің түсірілімі аяқтала салысымен, актер жүрегіне ота жасатқан. Рөлінен айырылып қалудан қорыққан ол, денсаулығының сыр бергеніне қарамастан, түсірілімді жалғастырған. Бүгінде, Шварцнеггердің жағдайы бір қалыпты.