Халық қалаулысы Нұрлан Әлімжан хейтерлерге жауап берді.

Сообщить о проблеме с эфиром

Асылхан Төлеповтей Нұрлан Әлімжанов жалақыға шағым айта қоймас! Себебі, актер ҚР Парламент Мәжілісі депутаты атанғалы 684 874 теңге көлемінде айлық алып отырады. Мандат иелеріне берілетін қосымша жеңілдіктер тағы бар. Құқықтары да заңмен қатаң қорғалады.

Халық қалаулыларының үлгілі отағасы, мінсіз әке болғанына көз үйренгіндіктен шығар, үш баласымен ажырасып кеткен Нұрлан Әлімжановты жұрт көп сынайды. Жанұясын тастап кеткен «жауапсыз әке» ретінде көрсететін хейтерлер де жоқ емес. Депутат атанғалы мұндай даттаулардың еселене түскені анық.

Нұрлан Әлімжан, әнші, актер:

-Бүгін айтады, ертең қалады. Өмір... Кімнің басында не жағдай болмайды? Сондықтан да мұның бәрі өмір. Тағдыр деген нәрсе бар!

ҚР Парламент мәжілісінің 4-шақырылымында депутат болған Нұрлан Өнербаев саяси сахнада жүремін деп, негізгі кәсібінен қол үзіп қалған еді. Дегенмен, билік басынан кетіп, қайта ел алдына шығуға барын салды.

Нұрлан Өнербаев, әнші:

-Өзі белгілі бір уақытта елдің алдына шығып тұрмасаң, шынында көзден көрмегеннен кейін, көзден жуыла бересің. Сондықтан, көрерменнің көңілінен жуылып қалмаудың жолын іздеу керек.

Саят Медеуовтың де сахнадан жарқырайтын сәттері некен-саяқ. Әнші қазір Алматы облысы, Қарасай ауданының мәслихат депутаты. Дегенмен, халық қалаулысы атанғалы тұщымды тірлік тындырыпты деген хабарды құлағымыз шалмады. Билік басындағы бағындырар белесі, қосар сүбелі үлесі алда деп сенейік.