Оскарға дайындық!

Сообщить о проблеме с эфиром

Әлемге әйгілі киномарапаттың кішігірім нұсқасы саналатын «Governors Awards» өз шымылдығын түрді! 11 жыл қатарынан ұйымдастырылып келе жатқан шараның қызыл кілемі де, «Оскардан» кем түспеді! Арнаулы жолық бойымен, Софи Лорен, Скарлетт Йоханссон, Шарлиз Терон, Дакота Джонсон бастаған кино саласының бикештері бой көрсетті. Бұл кеште, Джениффер Лопес көздің жауын алатын сары түсті көйлегімен өзгелерден ерекшелене түскендей.

Дженнифер Лопес, әнші, актриса:

-Салтанатты кештің қадірлі мейманы атанғаныма қуаныштымын. Мұндай шаралар бар уақытын көбінесе түсірлім алаңында өткізетін киногерлер үшін өте маңызды.

Қонақтарды қызыл кілемде көп бөгелтпей, кейіннен шараның өзі де басталды. «Governors Awards» салтанатты кеші аясында, әлемдік киноға өз үлесін қосып жүрген өнерпаздар марпатталды. Соның бірі - майталман режиссер әрі жазушы Лина Вертимюллер.

Лина Вертмюллер, режиссер:

-Көп рахмет! Мен үшін бұл үлкен мәртебе! Кіл мықты киногерлер арасынан бөліп жарып, үздік атағандарың үшін қуаныштымын.

Линаның әріптесі, Дэвид Линч те жүлдеге лайық деп танылған.

Дэвид Линч, режиссер:

-Көп рахмет! Сіздер мені таңдасаңыздар, демек талғамдарыңыз өте ерекше екен!

Сондай-ақ бұл кештен, Уэс Стьюди мен Джина Дэвис те бір-бір марпатты қолтықтап қайтты.