Мадина Дәулетқызы, тілші:
-Әлемдік экология тақырыбы «Kazakhstan Fashion Week»-ке негіз болды! Reduce, Recycle, Reuse! Яғни, шикізатты қайта өңдеу, өнімді қайта қолдану және табиғатқа залалды дүниелерден мейлінше бас тарту! Биылғы сән апталығының басты ұраны осы!
Өзекті тақырыпты ту еткен сән салтанатында жиылған жұлдыздар қарасы мол! Баян Алагөзова, Ерке Есмахан, Гүлназ Жоланова фэшн патидің басты қонақтары.
Ал, апталықтың шымылдығын дизайнер Аида Кәуменова түрді.
Аида Кәуменова, дизайнер:
– Бүгін енді, жанкүйерлеріңіз көп сияқты. Гүл шоқтарының астында қалдыңыз.
- Тура София Ротару болдым ғой. Кезінде, София Ротарудың концерттерін қарағанда, тура шықса гүлдің бәрін алып алатын сол әнші болатын ғой. Мен де ойлаймын, дизайнерлердің арасында, мен де сондаймын деп.
- Гүл қалдырмадыңыз.
- Гүл қалдырмадым, иә.
- Топтамаларыңызға келер болсақ. Бұрынғылардан ерекше сияқты.
- Алексей Дженды білесіз ғой иә? Ол біздің топтамамыздың стилисті болды. Мен ойламын сондай әдемі коллабарация шықты.
- Ол кісінің стилі байқалады.
- Байқалды ма? Керемет.
Алекс Джен де, бұл күні өз топтамасын таныстырды. Одан бөлек, «Киори», Ерлан Жолдасбек сән үйлерінің үлгілері де халық назарына ұсынылды.
Ал, салтантты кештің соңғы нүктесін Аруназ» сән үйі қойды.
Назым Қарпықова, дизайнер:
–Бұл топтамамызда табиғи, таза өнімдерді ғана қолдандық. Ол көбінесе қара түстес, эко болғаннан кейін, кішкене жасыл түстерді қостым және де бас киімдер, шляпаны бас киімді эко продукттан жасап, сіздерге көрсеттім.
- Яғни, КФВ-ның тақырыбына толықтай сай келеді дейсің ғой.
- Менің ойымша иә. Қазір көбінесе біз эко шубаларды тігіп жатырмыз, бірақ, арасында менің сүйікті клиенттерім егер де тапсырыс берсе, мен эко шубадан да жасауға болады деп айтамын.
Алайда, сәнгердің ұсынысымен жұлдызды тұтынушылардың көбісі келісе бермейді. Сондықтан, өнер өкілдерінен жануар терісінен жасалған ішіктерден бас тартуға қаншалықты әзір екенін сұрап көрдік.
Гүлнұр Мамасарипова, продюсер:
- Енді, биылғы сән апталығының тақырыбы «экология» тақырыбы. Яғни, сіздің гардеробыңызда ішіктер көп па? Ішіктен бас тартуға дайынсыз ба?
- Жалпы ішік, модадан шығып кеткеніне біраз жыл болды. Марально устаревший дейді ғой. Сондықтан соңғы 4-5 жылда ішік кимейді екем. Жалпы өзім, сәнді, әсем киінгенді онша ұнатпаймын. Өзімнің стилім басқа, көбінесе спорттық ыңғайлы киімде жүреміз біздер, площадкада, сьемкада жүргеннен кейін, өздерің типтес қызметіме байланысты. Ал, енді той-томалақта киеміз, тіптен бас тарттым деп айта алмаймын. Менде 3-4 ішік бар.
Санди Бексырға, визажист:
- Шуба деп жатсыңдар ма, негізі менде шубам көп емес. Экологияны қорғау үшін бас тартудан дайынмын. Өйткені одан басқа киімдер де киюге болады. 01.30 Енді өзімнің 1-2 шубам бар сыйға тартқан, жалпы өзім алмайтын едім.
Сара Амангелді, әнші:
–Билли Айлишты оқыған кезде ол экология жағынан өте қатал қарайды екен. Бірақ, ол кісінің киім үлгілерін қараған кезде кожаный заттар бар деген сияқты. Ойлап қалдым да ол кісі де киеді ғой деп. Сосын мен де ойлап қалдым ғой, мә мен де киіп жүрмін ғой деген сияқты.
- Демек бас тартуға әлі әзір емессіз?
- Шынымды айтсам, білмеймі енді. Өтірік алдамай-ақ қояйын.
Мадина Дәулетқызы, тілші:
– Байқағанымыздай, отандық өнер өкілдері ішік пен теріден әлі де бас тартуға әзір емес сияқты