«Ең жас табысты британдық әншілер!»

Сообщить о проблеме с эфиром

«Forbes» журналы «ең жас табысты әншілердің» тізімін ұсынды! Әйгілі басылым британ елінің 30-ға толмаған өнерпаздары арасынан 2019-шы жылы қаламақысымен топ жарғандарды анықтады.

Әсем дауысымен әлемді бағындырған Эд Ширан көш бастайды. 28 жастағы музыкант бір жылда 217 млн доллар пайдаға кенелген. Мұндай кірісті сері, «Divide» турнесі мен хит тректерінің әлі күнге дейін сұраныста болуының арқасында көрген.

«Грэмми» иегерінің, соңғы жарық көрген «No.6 Collaborations Project» жинағы да, сатылымы жағынан да үздіктер қатарында.

Га́рри Стайлз 71 млн доллармен екінші сатыға жайғасты. «One Direction»

тобының мүшесі бойзбендтегі жұмысымен қатар, жеке шығармышылықпен айналысады. Оған қоса, музыканттың табысты жұлдыздар арасына енуіне «Gucci» брендімен орнатқан серіктестігі себеп болып отыр.

Британдық «Little Mix» гелзбендінің әншілері үздік үштікті түйіндейді. Төрт қыздан құралған ұжымның жылдық табысы 65 млн доллардан асқан. Еске салсақ, арулар соңғы уақытта камбэк ұсынып, тіпті «Биллборд» музыкалық чартында көзге түскен еді. Қыздардың Никки Минаж, Эд Ширанмен бірігіп орындаған дуэттері де әлемдік «iTunes»-те төрт апта бойы шарықтап тұрды.