Илон Маск алтыншы сәбилі болды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Илон Маск алтыншы рет әке атанды! Бұл жайында танымал инженердің жары, Канадалық әнші Греймс өзінің инста парақшасында сүйіншіледі. Илон да ұлды болғанын күні кеше твиттер желісінде мәлімдеп, нәрестенің суретін жүктеген болатын. Миллиардердің жарының жүкті екені биыл қаңтар айында белгілі болған еді.

«Ювентустың» шабуылшысы Криштиану Роналду ақыры Италияға оралды! Аяқдопшы өзінің жеке ұшағымен бұл мемлекетке келмек болғанда, рұқсат қағазының жоқтығынан рейсі кейінге шегерілген еді. Бірақ бәрін реттеген оны, әуекөліктен түскен соң да тосынсый күтіп тұрды. Туриндық полиция қызметкерлері Роналдудың жанұясын түгелдей екі аптаға карантинге жауып тастады. Әзірге футболшы жаттығуларын үй жағдайында жасай тұруға мәжбүр.

Максим Галкин желіге жанұясының жаңа видеосын жүктеп, жұрттың ыстық ықыласына бөленді. Ел 71 жастағы Алла Пугачева мен Галкиннің отбасына қарап, олардың карантинді көңілді өткізіп жатқандарына сүйсінген. Роликте алты жасар Лиза билеп жатса, егізі Гарри синтезаторда ойнап отыр. Ал аналары Алла ән салуда. Бұл кезде кадр сыртында таспагер қызметін атқарып жүрген Максимнің өзі бұның бәрі импровизация екенін айтқан.