Толқын Забирова алаяқтық құрбаны атана жаздады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Толқын Забирова алаяқтың құрбаны бола жаздады! Бәз-біреулер инстаграмда әншінің атынан парақша ашып, ақша тапқан көрінеді. Олқылықтың орнын толтыру үшін, енді өнер иесі желіге тіркелуге мәжбүр болды. Жалпы, шоу-бизнес өкілдері арасынан инстаграмы жоқ жұлдыздар кімдер?

Толқын Забированың атын жамылып, 100 мыңға жуық оқырман жинап үлгерген алаяқты әншінің ұлы бірінші байқаған. Фейк аккаунттың құрбаны атана жаздаған өнер иесі, ұлының қолқасымен инстаграмда жеке парақшасын ашуды жөн көрген.

Толқын Забирова, ҚР еңбек сіңірген қайраткері:

- Алдында біреу ашып алды да менің атымнан, соны «мам, сен инстаграмда жүр екенсің ғой білмеймін білмеймін дейсің біледі екенсің ғой бәрін де», - дейді. 87 мың ба, бір жүзге жуық, ия сол, лайк па немене деуші еді сол жиналған. Немене ол түсіндіріңдерші, көрсетіп беріңдерші деп ашып қалсам, шынымен де біреу менің атымнан ашып қойыпты инстаграм.

Ал, 2018 жылы Канн фестивалінде «үздік актриса» атанған Самал Еслямованың желіге тіркелуіне жанкүйерлері сеп болған. Талантымен тамсандырған актрисаның тыныс-тіршілігімен танысқысы келген жұрттың қарасы көбейгендіктен, актриса көп ұзамай ресми парақша ашуды ұйғарыпты.

Абунасыр Серіков болса, дәл осы фильмнен соң, кейіпкері сынды инстаграмдағы парақша танымалдылығына ғана емес, табысына да әсер ететінін түсінген. Тіпті желіде бұған дейін аса белсенді болмаған актер желідегі жарнама бойынша ұсыныстарды қабылдауға кетәрі емес.

Әбекенің замандасы, әнші Нұрлан Абдуллин керсінше, халық сені» парақшаңмен емес, өнеріңмен тануы тиіс», - деген пікірде. Сондықтан да Абдуллин мырзаны инстаграмнан таппасымыз анық.

Нұрлан Абдуллин, ҚР еңбек сіңірген қайраткері:

-Бұрынғы заманның адамымыз ғой. Тәрбие сондай ма, ол инстаграм деген тұра салып, анда кетіп бара жатырмын, мұнда кетіп бара жатырмын, + Қыз балаларға ондай жарасатын сияқты, еркектерге...

Абдуллин сынды аккаунтысыз-ақ атағы жер жарып, гонорорлары аспандаған голливуд жұлдыздары көп-ақ. Мәселен, Бенедикт Кэмбербэтч, Бредли Купер, Дженнифер Лоуренс, Кейт Уинслет пен Кира Найтли әлі күнге дейін инстаграмға тіркелмеген.