Карантинге қарамастан той жасаған жұлдыздар кімдер?

Сообщить о проблеме с эфиром

Карантин шектеуіне қарамастан, дүркірете той өткізген – Төреғали Төреәлі әулеті. Хитмен қарындасын құтты орнына қондырған еді. Кейіннен жұлдызды жанұя үстінен «карантин талаптарын бұзды» деген күдікпен тексеру жүргізілді. Видеолар мен суреттерде келген қонақтардың маска тақпағанын, арақашықтық сақтамағанын және адам санының нормадан тыс екенін байқауға болады. Алайда аталмыш санитарлық нормалардың бұзылғанына қарамастан мейрамхана иелеріне айыппұл салынбаған.

Карантин қызып тұрған шақта қыз ұзатқан тек Төреәлілер әулеті ғана емес, бұлбұл дауысты Жанар Айжанова да бар. Тұңғышын ұясынан ұшырған Жанар ханым, әлеуметтік желіде біраз сынға қалды. Бірақ әншінің үстінен ешқандай тергеу жұмыстары жүргізілмеді, айыппұл да салынбады. Қыран Талапбек атты видеографқа тұрмысқа шыққан Айжұлдыз Адайбекова жарымен бірге бал айын өткізіп те үлгерді.

Тығылып той жасағандардың қатарында ҚР Халық әртісі Роза Рымбаеваның тұңғышы Әли Оқапов та бар. «Асыл» тобының әншісі Ақерке Бүркітбаймен шаңырақ көтерген әнші Атырау қаласында өткен ұзату тойын барынша жасыруға тырысқан еді. Бірақ қуанышты сәттің фотолары мен видеолары инстаграм желісінде тарап кетті. Әзірге Ақерке де, Әли де ресми түрде аталмыш ақпаратты растамады.