«Billboard Music Awards» марапатының үміткерлері анықталды!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Billboard Music Awards» марапатында Post Malone ең көп номинациямен рекордсмен атанса, екінші орынға LIL NAS X жайғасты. Жас әншіге Билли Рэй Сайруспен шырқаған «Old Town Road» трегі танымалдылық сыйлағаны сөзсіз.

Енді рэпер 13 аталым бойынша бақ сынамақ. Тіпті олардың арасында «ең үздік орындаушы», «ең жиі тыңдалған трек», «ең сатылымы жоғары ән» сынды жүлделер жетерлік.

Билли Айлиш те бұл тізімде бар! Жас әнші соңғы кездері өзгелерден оза шауып, әріптестеріне дес бермей келеді. 12 жүлдеге дәмеленген Грэмми иегері, енді «ең табысты» атануы әбден мүмкін. Ал дәл осыншама аталыммен Khalid те Билли Айлиштен қалысар емес!

Тректері жыл бойы Биллборд чартынан түспеген орындаушының еңбегі еленгендей! Басылымның пайымымен, Khalid мықты музыкант атануға әбден лайық!

Еске салсақ, «Billboard Music Awards» марапаты әдеттегі дәстүрінен таймастан, мамыр айында ауқымды түрде өткізілуі тиіс еді. Алайда карантин кесірінен кеш кейінге шегеріліп, енді міне қазанның 14-і онлайн түрде өткізілмек. Жеңімпазды анықтау үшін үміткерлердің 2019 жылдың басынан бастап, 2020 -ның наурызына дейінгі жетістігі ескеріледі.