Іңкәр Әбдіраштың «Ұмай» картинасы марапатқа ие болды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Іңкәр Әбдіраштың «Ұмай» қысқаметрлі картинасы British International Amateur Film Festival-де марапатқа ие болып, «Ең үздік сценарий» номинациясы бойынша топ жарды.Еске салсақ, туынды балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан бүлдіршін мен актриса туралы.

Іңкәр Әбдіраш, актриса, режиссер:

- Өмірден алынған оқиға. Бірнеше жыл бұрын маған айтып берді бұл оқиғаны. Балалар үйіндегі бала кинокастингке өтеді. Басты рөлде ойнап, сол балалар үйінде жұлдыз болады. Бірақ мен бұл сценариге басқа оқиғаларды қосып жібердім.

Фильмдегі басты рөл Гүлнәр Сильбаеваға бұйырған. Айта кеткен жөн, британдық қазылар алқасы оператордың жұмысын, фильмнің монтажын және дыбыстық сүйемелдеуін ерекше атап өткен көрінеді.

Q-pop тыңдарманына тарту! EQ тобы ән әлеміне өздерінің ізбасарларын, THE_EGIZ тобын алып келді. Егіз жігіттерден құралған ұжым тіпті алғашқы клиптерінің тизерін ұсынды. Мемберлердің айтуынша, бұл бейнебаян әнсүйер қауымды таңқалтуы тиіс.

Ал Нұрболхан Шарапов тұңғыш рет әке атанды! Әзілкеш әрі шоумен көпшіліктен сүйінші сұрап, қызды болғанын мәлім етті. Келіншегінің туған күнінде дүниеге келген бүлдіршінге Нұрболхан Айлин деп ат қойыпты. Сондай-ақ, сәбидің кіндік шешесі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева болған көрінеді.