Документалды фильмдер шебері Қанат Бейсекеев тағы қандай туынды таспаламақ?

Сообщить о проблеме с эфиром

Қанат Бейсекеев өзі таспалаған «Binocle» атты деректі картинасы арқылы өмірдегі актуалды мәселелермен күреспек. Тың туындының бірінші бөлімін пирамида, гив ойындары, лотерея сынды қазіргі қоғамның дертіне арнаған. Ал екіншісінде туризм және вандализм тақырыптары көтерілген. Режиссер дәл осылай тың ақпарат беріп, көрерменге дұрыс жол көрсетпек ниетте екен.

Қанат Бейсекеев, режиссер:

– Біз таяуда ғана «Бинокль» жобасын жарыққа шығардық. Оның бір бөлімін гив, лотерея тақырыптарына арнадық. Лента арқылы көрерменді алаяқтықтан сақтандырғым келеді.

Кананың шынайы оқиғаларға негізделген фильмдері «youtube» көрерменіне бағытталған. Жас режиссер өз жұмыстарын осылайша ауқымды аудитория тамашаласа екен дейді. «New York Film Academy» түлегі әр жобаға кіріспес бұрын, алдын-ала зерттеу жүргізеді. Таспагер сапалы туынды үшін қомақты қаражат керек екенін алға тартады.

Қанат Бейсекеев, режиссер:

– Мен көбінесе серіктес іздеймін. Документалды фильм таспалау үшін де үлкен қаражат керек, оған қолдаушылар керек дегендей. Солардың бәрімен өзім келісемін. Арасында комерциялық жобалар да бар, кейде үшін өзім үшін түсіремін.

Деректі картиналардың шебері атанған Бейсекеевке, кассалық кино түсір деп қолқа салатындар да көп көрінеді. Алайда, Кана көркем фильмдерге деген қызығушылығының жоқтығын айтады. Режиссер: «Үлкен экранға арналған туынды таспалайтын болсам, ол тек документалды болады», - деп отыр.

Қанат Бейсекеев, режиссер:

– Толықметрлі фильм туралы айтатын болсам, алдағы уақытта жоспарымда жоқ. Бірақ кім біледі? Егер мен толықметр таспалайтын болсам, ол тек документалды болады.