Дәурен Айдарқұлов тағы да үйленбек пе?

Сообщить о проблеме с эфиром

Неке жүзігінің маңызы екі жас үшін қашанда жоғары. Десе де, танымал блогер Сабира Жарасқызы жары Алмас Ақатаймен сақина таңдап бастарын ауыртпаған. Себебі, жас отбасыға мұндай маңызды сыйлықты анасы тарту еткен.

Сабиркин, блогер:

– Жағдай келгенге байланысты ғой әркімнің жағдайы. Біздің неке жүзік стандартный бәрінде бар неке жүзік. Біз қатты оған мән берген жоқпыз, қымбат болсын деп. Ең бастысы болса болды деп ойлаймыз. Неке жүзігімізді анамыз таңдап берген болатын.

Дәурен Айдарқұловтың жүзік таңдауда біраз тәжірибиесі бар. Актер: «Сапалы сақинаның бағасы да жақсы болады», - дейді. Шоу-бизнестің бойдағы болашақта шаңырақ көтеріп жатса, күміс жүзік тақпақ ниетте.

Дәурен Айдарқұлов, актер:

– Еркектер міндетті түрде күміс тағамыз егер басымыз бос болмаса, қыздарға енді неғұрлым қымбаттау болса соғұрлым оларға жақсы, енді былайша айтқанда ол да бір жағынан инвестиция, өйткені алттынның, брилиианттың бағалары ешқашан төмен бағаға түспейді.

Мейіржан Түребаев пен Дана Есеева үшін неке жүзіктері өте қымбат. Себебі жұлдызды жұп жоғары оқу орнын тәмәмдаған соң бірден шаңырақ көтерген. Қос студент қалталарындағы бар ақшасын сақина алуға жұмсаған екен.

Мейіржан Түребаев, блогер:

– Дана екеуміз ювелирный магазинге барып таңдап алдық, бірақ оны шынын айтқанда есімде жоқ бағасы. Студент кезде ғой. Енді университет бітірген кезде, ақшаларымыз жоқ, бірақ ақшаларымызды жинап, сатып алдық.

Үйленгендеріне 10 жылдан астам уақыт өтсе де, Мейіржан Түребаев неке жүзігін таңдарда Дананың сол кезде айтқан сөздерін ұмытпақ емес.

Мейіржан Түребаев, блогер:

– Негізі қыздар бриллиант ұнайды қыздарға да мысалы да, но Дана айтқан зачем нам дорогое, давай просто хорошее золото возьмем деп. Сол менің әйелім ақылдығой.