Жахан Отарғалиев «ГИВ» ұымдастырды дегендерге жауап берді!

Сообщить о проблеме с эфиром

«ГИВ» ұйымдастырып, мол табысқа кенеліп жатқан шоу-бизнес өкілдері жетерлік! Инстаграмды ақтарсаң, атаулы байқаулардан көз ашпайсың. Бірнеше миллион оқырманы бар блогерлер аптасына 1-2 рет парақшаларында ойын ойнатып отырады. Бүгінде ГИВ жасаушылар қосынын бастап тұрғанның бірі – Нұрдәулет Бектұрсын.

Нұрдаулет Бектұрсын, блогер:

- Сендер көріп жүрген, сендер үлгі тұтып жүрген адамдардың өзі гив істеп жатыр ғой, сондықтан да ГИВ өшпейді. ГИВ-ті істейтін адамдар азаяды. Қазір де бұрында көп еді, қазір айтып жатқан адамдардың өздері бір-бір ГИВ-тан істеген, істей алмағандықтан айтқан. Істей алмаған нәрсені жамандау өте дұрыс емес нәрсе деп ойлаймын.

Оқырман ГИВ ойынына қатысу үшін блогердің достарына жазылу керек. Лотерея болып есептелмейтіндіктен, мұндай конкурс жасағандарға заң жүзінде ешқандай шара қолданылмайды. Еске салсақ, ұтыс ұйымдастырамын деп басы дауға қалған блогерлер жетерлік. Мәселен, кезінде Елшін Жанерке, Нами Кулумбетоваларға ойынды әділ өткізбеді деп айып таққандар көп болды.

Соңғы кездері, Жахан Отарғалиев актерлық мансабын ысырып, блогерлікті мықтап қолға алған болатын. ГИВ өткізуді жиілеткен өнер иесі, мұндай конкурс ұйымдастырудан ешқандай ағаттық көрмейді.

Жахан Отарғалиев, актер:

– ГИВ-тің жаман жері жоқ. Ол көрерменге де, оқырманға да, жасап жатқан адамға да ар жағынан ақшасын төлеген спонсорға да бәріне де бірдей пайдасын тигізеді. ГИВ-ке қарсымын деп жатқан адамдар олар просто іштері күйіп, өздері істей алмағасын сүйдеп айтып жатқан адамдар.

Өнер өкілдері арасынан Сара Амангелді де кезінде «ГИВ» ұйымдастырған. Алайда, әнші бұл ісінен кейін әлі де өкініп жүрген көрінеді.

Сара Амангелді, әнші:

– Мен «ГИВ» ойнатпаймын, гив дегенге мен шынымда айтсам 1 рет солай ойнатып халықты алдадым десем де болды.Өйткені мен өзім түсінбедім. Бірақ «ГИВ» деген заттардың бәрі, машина ойнату дегеннің бәрі шынымен де алаяқтық мен солай ойлаймын.