«Ninety one» тобы Ақш-тық компаниямен келісім-шартқа қол қойды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Бұрын әр меретойын концерттермен дүркіретіп өткізетін «Найнти уандықтарға» биыл шағын шараны місе тұтуға тура келді! Алты жылдықта мемберлер карантин талаптарын бұзбастан, жанкүйерлерімен жүздесіп отыр.

«Ninety one» тобы:

Фан митинг істемегелі көп уақыт болды. Пандемия, карантин, көрісе алмадық, қанша концерттер болмады. Енді, ең құрығанда онлайн көрісейік деген ой бүгін.

Шоу-бизнеске дүмпу әкелген топтың соңғы кездері тректері сиреп кеткені жасырын емес! Сондықтан болар, иглз арасында «топ тарайды» деген қауесет тарағаны қашан. Фанаттарды толғандырған сауалға тоқсан бірліктер былай деп жауап берді.

«Ninety one» тобы:

– Жалпы бұл сұраққа біздің қарым-қатынасымыз мынандай. Адамдар ойлады, контракт бітеді, осындай-осындай болады деп. Біз контракт бітетінін білмейміз, бізде ойда жоқ ондай, контракт бітеді деген. Ондай мүмкіндікті басымызға салмаған. Сондықтан, контракт бітпейді-ау.

Расымен де, Ерболат Беделханның мемберлермен әзірге оңайлықпен қоштасатын ойы жоқ сияқты. Білікті продюсер мен жігіттердің болашаққа құрған жоспары ұшан-теңіз. Ал топтың белсенді болмауы дауыл алдындағы тыныштық қана.

Ерболат Беделхан, продюсер:

– «91» америкалық компаниямен келісімшартқа қол қойды. Енді соның алғашқы қадамдарының бірі біз американдық мамандарды Қазақстанға шақырамыз. Бұл кісі би саласынан болады, Амандэй Фернандэс деген қыз. Бұл кісі Ашер, Бейонсе, Шакира сынды мықты-мықты әлемдік жұлдыздарға би қойған кісі.

Ал «Найнти уандықтар» білікті маманнан сабақ алып болған соң, шетелді бағындыруға ниетті. Одан бөлек, топтың бір емес, бірнеше альбомға жететін тректері дайын тұр. Тек, туындылардың тұсауы сәлден кейін кесілмек.