Қай отандық әнші халқаралық конкурска қатысайын деп жатыр?

Сообщить о проблеме с эфиром

Халықаралық конкурс – әр әншіге талантымен тәнті етіп, елімізге танымал болып оралуға жақсы мүмкіндік! Одан бөлек, байқауларда бақ сынау үлкен жауапкершілік екені тағы бар. Мұны жақсы ұғынған Айри бұл күндері қатысар сайысын жіті таңдап жүр. Өнерпазға түскен ұсыныстар толассыз көрінеді.

Ayree, әнші:

– Америкадан келіп жатыр. Ия, бірақ дегенмен кішкене бізге қиынырақ болып тұр. Себебі карантин біріншісі, жәй ғана келіп өнер көрсету бізге жат нәрсе. Оған дайын болу керек. Мен дайын болмай тұрмын деген мағынада емес, жәй ғана оған жауапкершілік өте мол. Сондықтан кішкене дайындалып, өз-өзімізге келіп, жақсы конкурстарды ұсынған конкурстарды таңдап соған баруға әбден мәжбүрміз.

Мұхаммедәли Жүгінісов жас та болса, талай халықаралық конкурстардың құрылымымен жақсы таныс. Бала кезінен байқаулардың табалдырығын тоздырған ол, сәтін салса тағы да сайыстарға қатысамын деп отыр.

Мұхаммедәли Жүгінісов:

– Қазір біз көбінесе тректерге көңіл бөліп жатырмыз. Енді конкурстарға алдағы уақытта ойлар бар. Қатысқым келеді деген конкурстар көп олар. Мысалға «Голос Украины», «Х фактор» байқауларына қатысқым келеді.

Ал Әли Оқапов ерек бастама көтерді! Ол шетелдік әртістерді Қзаақстанның сахна төріне жинап, халықаралық ән байқауын ұйымдастыру қажет екендігін алға тартты. Тіпті, өнерпаз конкурс өткізуге мүмкіндігіміз әбден жетеді – дейді.

Әли Оқапов, әнші:

- Менің ойымша әбден лайықтымыз және де уақыт келген сияқты өзіміздің де бір халқаралық деңгейдігі үлкен конкурс ұйым дастырсақ дегендей. Неге бізге келмеске шетелдіктер және біздің сахна неліктен дүниежүзіне танымал бомасқа дегендей.

Шетелдік конкурстарға қатысып, өз өнерімен дүйім жұртты сүйсіндірген әншілеріміз өте көп. Олардың қатарында Димаш Құдайберген, Индира Еділбаева мен Ерлан Байбазаров, Әмре, Рухия Байдукенова бастаған өнерпаздар жетерлік.