Санжар Мәскеуге көшпек пе?

Сообщить о проблеме с эфиром

 

Санжар Мәди ресейлік фильмдерге жиі шақырту алады. Бұл жолы актер тарихи туындыда қырғыз қолбасшысын сомдайды екен. Бұл рөл үшін, Санжар жаз бойы шашын өсірген көрінеді.

Санжар Мәди, актер:

– Мен жуырда Ресейге съемкаға ұшып барам. Ол елдің киногерлері онлайн-кино платформаларға арнап телехикаялар таспалауда. Бұл – ақылы стримингтердің қарқынды дамып келе жатқанының дәлелі.

Санжар Мәди алдағы уақытта өзінің де веб-жобасын ұсынбақ. Актердің жоспарындағы лентаның бағыты де ерекше болады.

Санжар Мәди, актер:

– Менің арманым балаларға арналған телехикая таспалау. Идея да, сценарий де дайын. Менің кішкентай қызым бар. Біздің балақайлар шетелдік мультфильмдерді емес, отандық сериалдарды тамашалса екен деген ой.

Ал Санжар Мәди режиссер ретінде таспалайын деп жатқан туындысы болашақта ақылы платформаларда жарық көрмек! Актер контент үшін ақша төлеу мәдениетін қалыптастырмақ ниетте.

Санжар Мәди, актер:

– Сен киноны үлкен қаржыға түсіресің және тағы фильм таспалау үшін ол ақшаны ақтап алуың қажет. Бірақ біздің көрермен тегін қаралымға үйреніп қалған. Ол жаман әдет. Сапалы дүние үшін төлеуің қажет.