Экс-кешьюлік әнші Элизат Берікова шоу-бизнестен түбегейлі кетпек пе?

Сообщить о проблеме с эфиром

Визажист болу Элизаттың бала күнгі арманы екен. Берікова сұлулық салонын ашу үшін ақша жинап, өз күшімен бизнеске бет бұрған.

Элизат Берікова, әнші, актриса:

- Жалпы бұл ақша табу көзі емес, өз жағымнан ақша табу үшін ашқан жоқпын мен бұл бизнесті. Бұл бизнесті мен өзім жасаған сүйікті ісім болғандықтан кейін соны іске асырамын деп шештім.

Осылайша, кезінде сахнаға Элизатты визажистер дайындап жіберсе, бүгінде әншінің өзі мэйк ап әртіс атанып отыр. Экс-Кешьюлік бикеш жұлдыздарды ғана емес қарапайым қыздарды да әрлейді.

Элизат Берікова, әнші, актриса:

- Бәрі инстаграм желісі арқылы келіп жатыр. Өтірік емес. Біреуі мені көру үшін келеді. Келіп суретке түсіп жатады. Біреу сынап келіп жатады. «Қайсы көрейінші жақсы бояй ма екен қандай екен», - деген сияқты. Ондай кісілерді де көріп жатырмын. Естіп жатырмын. Бірақ бұл менің еңбегім.

Жеке бизнеске бет бұрған Берікова, өнерге қайта оралмауым әбден мүмкін, дейді! Кезінде дүркіреп тұрған атағына қарамастан, әнші шоу-бизнеске деген қызығушылығының жоқтығын айтады.

Элизат Берікова, әнші, актриса:

- Қазіргі сәтте маған ол қатты қызық емес болып тұрған жоқ шынымды айтсам әншілік бағыты. Мүмкін алда болар. Бірақ жаңағыдай клип түсіріп қойып жіберіп қойып, бір ән жазып қойып, бір жарты жылда ол дұрыс емес.

Оның үстіне, Кешьюден кеткелі Элизат продюсерсіз өнер көрсету қиынға соққанын жасырмайды. Берікова Мақсатқызының қадірін енді түсінгендей.

Элизат Берікова, әнші, актриса:

- Студияда бір дұрыс айта алмай қалған кездерде, Бағым Мақсатқызы айтатын «сенің аузыңа шәйнәп беріп тұрған нәрсені неге жұта алмай тұрсың» деп солай ұрысатын. Бірақ қазір қарап тұрсаң шынымен де айтылған нәрсе екен.

Элизат сондай-ақ, соңғы кездері актриса ретінде де танылып жүр. Берікова толықметрлі картиналарға ғана емес, телехикаяларға да шақыртулар алып отырады. Бірақ, ол ұсынылған әр рөлді күйеуімен талқылайды екен.

Элизат Берікова, әнші, актриса:

- Ол сұрайды менен міндетті түрде. Қандай сахналар бар. Анандай сүйісетін сол баяғы, құшақтасатын, сондай сахналар жоқ па деп міндетті түрде сұрайды. Қазір басында сұрап алатын болдым күйеуіме айтпай жатып.