Жұлдызды жарының арқасында танылғандар кім?

Сообщить о проблеме с эфиром

Данияр Хизметовты әуел баста санаулылар «Қайрат» футбол командасы туралы блогтары арқылы білетін! Біраз уақыт өткеннен кейін ол инстаграмда Джуринскаямен ортақ коллаб түсіре бастады. Кейіннен жұрт Хизметовты вайнер ретінде тани түсті. Достық пен жұмыстан басталған махаббаттың соңы отбасылық өмірге ұласып қана қоймай, Даниярға танымалдылық әкелгендей.

Данияр Хизметов, блогер:

– Біз алғаш кезде бірге тұрып жүрдік және ара-қатынасымыз туралы желіге көп видео салатынбыз. Бірақ ең қызығы бізді басында бәрі жәй достар шығар деп ойлаған екен.

Жания Джуринская, актриса:

– Айтпақшы, Данияр вайн түсіре бастағаннан-ақ оған фильмдерге рөлге шақыртулар көп болды.

Ал Жанел Мақажанның сүйіктісі Абай Асылхан кәсіби актер болғынмен, көпшілік оны актрисаның жары ретінде таныды. Өнерпаздың күйеуі махаббаттарының шынайы екенін дәлелдеумен әлек. Себебі, басында бұл жұптың сезімін көбі хайпқа балаған еді.

Абай Асылхан, блогер:

– Басында бәрі хайп деп ойлады. Бірақ біз хайп үшін жасаған жоқпыз. Өзіміз үшін жасадық. Әлі күнге дейін сенбейтіндер бар.

Луинаға тұрмысқа шыққан соң, Артем Обуховтың да танымалдылығы шарықтағаны жасырын емес! Оның жұлдызды патилер мен шоу-бизнестегі басқосуларға Лумен бірге төбе көрсетуі өз ықпалын тигізбей қоймады.

Луина, әнші: – Ол менен жеті жас кіші, десе де дүние-танымы, болмысы тым ересек жандардікіндей. Мен кез-келген жағдайда оған арқа сүйей аламын. Барлық істі бірігіп жасауға тырысамыз.

Бүгінде Луинаның директоры атанған Артем әлеуметтік желілерде өте белсенді. Тіпті, оның инста аккаунтына 200 мыңға жуық фалловер тіркелген.