Шаңырығы шайқалудың аз-ақ алдында қалған жұлдыздар отбасын қалай сақтап қалды?

Сообщить о проблеме с эфиром

Отандық шоу-бизнестегі ең танымал жұптың бірі болған Ақбота мен Дәуреннің махаббат хикаясы шетелдік әріптестеріне өте ұқсас! Олар да 2016 жылы түсірілген «Гламур для дур» фильмінде басты рөлдерді сомдады. Таныстықтары түсірілімнен басталып, ғашықтық сезімдері оянды.

Алайда көп ұзамай тәтті жұптың жолы екіге айырылды. Одан кейін қайта қосылды, ақыр соңында ажырасуға шешім қабылдады. Десе де, олар ат құйрығын түбегейлі үзіскен жоқ. Арасында фильмдерге түсіп, балаларымен бірге уақыт өткізеді. Дегенмен, Ақбота жеке өмірі туралы көпке тіс жарып ештеңе айтқысы келмейді.

Ақбота Сейітмағанбетова, әнші:

Айта алмаймын. Өйткені, менің жеке өмірім жеке болып қалуы қажет.

Арман Қоңырбаев пен Аша Матай туралы да бір кездері ел ішінде «ажырасты» деген қауесет тараған еді. Бірақ жұлдызды жұп ас үйдегі ыдыс-аяқ сылдырын білдіртпеуге тырысады.

Арман мен Аша, жұлдызды жұп:

– Енді семья болғаннан кейін әр түрлі жағдайлар болып тұрады. Ұрыс та болып тұрады, әр семья секілді. Бірақ, біз әзірше оның бәрін жеңіп шығып жатырмыз. Біргеміз, барлығы жақсы.

Сондай-ақ, Индира Расылханның да өнерін бірінші, отбасын екінші орынға қойған кездері болған. Сол үшін де шаңырағы шайқала жаздап, әнші жанұясын әзер сақтап қалған.

Индира Расылхан, әнші:

– Өнер үшін кішкене отбасымды шамалы уақытқа құрбан етіп отырмын. Ол нәрсені ойласам көзіме кәдімгідей жас келеді ғой.