«Forbes Kazakhstan» пайымынша, болашағынан үміт күттірерлік жастар кімдер?

Сообщить о проблеме с эфиром

Иманбек Зейкенов сөзсіз болашағынан үміт күттірерлік жастар қатарынан! ТМД-та тұңғыш болып «Грэмми» марапатын иемденген отандасымыздың оқиғасы көпке шабыт сыйлағаны сөзсіз. Алан Уокер, Рита Ора және Дэвид Гетта сынды танымалдардың бірқатарымен ортақ трек ұсынған оның бүгінде жоспарлары жетерлік.

Бүгінде шығармашылығын Ресейде шыңдап жатқан 21-жастағы Данелия Сыдыкова да 30 жасқа дейінгі табысты тұлға. Еске салсақ, Dequine тректерімен ТМД-ға танылып, тіпті «Вечерний Ургант» шоуында қонақ болып қайтқан еді.

Әнші ретінде Darkhan Juzz да беделді жастар қатарында! Оның бір ғана «Бәрі музыкант» трегі интернет желісінде танымалдылыққа ие болып, атағын асқақтатқан еді. «Ozen» лейблының мүшесі атанған ол нью-скул бағытының жарқын өкілі.

Айтпақшы, тиктокерлер де болашағынан үміт күттіретін жандар! Атап айтар болсақ, отандық «BIP House» ұжымы бүгінге танымалдылығы шарықтап тұр! Желі жұлдыздары тіпті «Nickelodeon Kids’ Choice Awards» марапатында «Ресейлік көрерменнің сүйікті блогерлері» аталымын еншілеген де еді.