Қазақстандық рэперлердің шетелде танылуына үлес қосқан кім?

Сообщить о проблеме с эфиром

Бүгінде қазақстандық рэперлер тек өз елінде емес, ТМД-ға да кеңінен танылып жатыр. Бірақ музыканттар мұндай жетістікке жету үшін біраз тер төккен көрінеді. Мәселен, Асха Принц: «Өнерге келгеніме он жыл болса да, жемісін енді көріп отырмын», - дейді. Еске салсақ, хип-хоп орындаушы «ең табысты өнер өкілі» ретінде «Форбс» тізіміне енген де еді.

V $ X V PRiNCE, рэпер:

– Бізге батыстан келген мәдениет қой. Өз басым шетелдік рэперлерге қарап өстім. Бірақ біз қазіргі таңда олардан кем түспейміз.

Өнер жолын Принц Верныймен бастағандардың бірі – Hiro. Хип-хоп орындаушы қазақ рэпының дамуына өз үлесін қосқанын айтады.

HIRO, рэпер:

– Біздің қазақстандық музыканттардың өз толқыны бар. Рэп, заманауи музыка деп жанр бойынша бөлінетініміз рас, дегенмен дұрыс бағытта бара жатырмыз. Менің ойымша, жастар арасында рэпке деген үлкен қызығушлық бар.

Тек өнердің дамуы ғана емес, рэперлердің қалтасының да қалыңдауына да атсалысып жүргендер бар. Мәселен, «Өзен» лейблы музыканттардың тректерін монетизациялап, қаржы жағынан қолдап отырады екен. Азулы рэпер Big Som сол «Өзен» атқарған үлкен жұмыстың арқасында ТМД-ға танылдық дейді.

Big Som, рэпер:

– Менің ойымша біз бүгінде орыс тілді аудитория арасында көш басындамыз. ТМД бойынша қазақстандық рэперлер сұраныста. Трендтен түспей тұрғанымыз тек бастамасы деп білем, әсіресе жас музыканттар үшін.

Расында да, Cali, Jamanti, Кисло-сладкий, Hiro, Асха Принц сынды рэп орындаушыларымыз Ресей мен ТМД елдеріне жиі шақырту алып тұрады.