Жахан Отарғалиев зәулім сарайын сатып, алғашқы фильмін таспалап жатыр!

Сообщить о проблеме с эфиром

Жахан Отарғалиевті көрермен бұрын-соңды мұндай ерек образда көрмегені анық! Түсірілімге кіріскен актерға қорқынышты грим мен басына пышақ қадалған күйі сұхбат беруге тура келді. Ал оның продюсер ретіндегі тырнақалды туындысы «Жаханға пахан» деп аталады.

Жахан Отарғалиев, актер, әзілкеш:

- Командымен ақылдастық сүйттік бүйттік, рабочее название әзірше ол қалай болатынынын болашақта көреміз, мүмкін өзгеріп кететін шығар. Өйткені мен осы жерде актерді ойнаймын өзім Жахан деген, сосын менің папам болып бір кісі ойнайды. В основном біздің линия сол туралы жүріп отырғандықтан сол әкеміздің ортасында жүріп отырғандықтан, солай деп қойдық.

Фильмнің алғашқы сахналары Алматы облысы Қапшағай маңында таспалануда. Қызықты түсірлім кезінен танымастай өзгерген Рүстем Жаныамановты да байқап қалдық. Отарғалиевтан арнайы шақыртау алған актердың айтуынша, өзіне берілген рөл шығармашылығындағы ең ерекшесі болмақ.

Рүстем Жаныаманов, актер:

- Менде бұндай образ болмаған, тіпті мына корсетті өздеріңіз байқап тұрған шығарсыздар. Кішкене тыныс алуға кедергі жасап жатыр. Соған қарамастан су кешіп жүрміз, таңнан бері соған қарамастан еңбек етудеміз және де рахаттанып жүрміз десек те болдаы.

Шытырманға толы фильмнің түсірілім жұмыстары командаға оңайға соқпауда.

Мәселен, Жанель Маақажанға 5 сағаттан астам өлген адамның образын сомдап, суық жерде жатуға тура келген.

Жанель Мақажан, актриса:

- Енді тура осындай яркий образ бірінші рет өзіме қызық болып болып тұр. Өйткені мені барлығы Харли Квиннға ұқсап жатырсын деп қоймай жатыр. Аяқ киімімді қарасаңызшы, қандай күшті. Енді съемка негізінде бірде суық болса, бірде ыстық болып жатады. Енді үйреншікті нәрсе ғой.

«Жаханға пахан» фильмінде сондай-ақ, Жанельдің күйеуі Абай Асылхан да төбе көрсетпек! Абай үшін бұл актер ретінде түсіп жатқан алғашқы толықметрі.

Абай Асылхан, актер:

- Жаханнан арнайы шақырту алдық, жұбайым екеуміз. Актер болу ол менің мамандығым, мен «Қазақ Ұлтық Өнер университетін» актер мамандығы бойынша бітірдім мен мұнда кездейсоқ келген адам емеспін, мен жүрегім жалпы өмірімді өнерге арнаған адаммын.

Кино картинада Жаханның жұбайын блогер Сабиркин сомдаса, Балжан Бидаш тек бірнеше эпизодта бой көрсетеді. Ал Отарғаливтің төл жобасын көктемде жарық көреді деп жсопарлануда.