Шығармашылығын шетелде жалғастыруды жоспарлап жүрген жұлдыздар кімдер?

Сообщить о проблеме с эфиром

Айридің дәл осы өнер көрсетуі америкалық әйгілі «Super Bowl» шоуына арналған еді. Бір жыл бұрын фестивальге арнайы шақырту алып, пандемияға байланысты онлайн қатысқан Айриді 90 мемлекет көрермені тамашалады. Аталмыш шарадан кейін Айриге шетелдік продюсерлер тарапынан ұсыныстар түсе бастаған.

Ayree, әнші:

- Америкадан келіп жатыр. Иә, бірақ дегенмен кішкене бізге қиынырақ болып тұр. Себебі карантин біріншісі, жәй ғана келіп өнер көрсету бізге жат нәрсе. Оған дайын болу керек. Мен дайын болмай тұрмын деген мағынада емес, жәй ғана оған жауапкершілік өте мол.

Осылайша, Айри шетелге шықпас бұрын, біраз уақыт арнайы дайындықтан өтпек. Одан кейін барып қана, АҚШ-қа аттанбақ ниетте.

Шетелдік сахнаны көріп келген Ерлан Байбазаров өзге елге аттану тәжірибие үшін керек екенін айтады. «Голос Украина» шоуының суперфиналисті мүмкіндік туса, тағы да бағын басқа мемлекетте сынап көрмек.

Ерлан Байбазаров, музыкант:

- Мен шетелге көшуге жалпы қарсымын. Бірақ барып тәжірбие алуға неге көрмеске. Уақытша болса барамын міндетті түрде. Өйткені, өзім сондайды ұнатамын. Бірақ мен тұрақтылықты жақсы көремін, бір жерде тұрамын ба, сол жерде тұрғым келеді.

Ерлан Байбазаров сынды ТМД-ны бағындыруды армандап жүргендердің тағы бірі – Мұхаммедәлі Жүгінісов.

Мұхаммедәлі Жүгінісов, әнші:

- Қазір біз көбінесе тректерге көңіл бөліп жатырмыз. Енді конкурстарға алдағы уақытта ойлар бар. Қатысқым келеді деген конкурстар көп олар. Мысалға «Голос Украины», «Х Factor» байқауларына қатысқым келеді.