Отандық актерлар да енді желіде көрсетілім жинап, стримингте танымал болмақ па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Дәурен Айдарқұловты соңғы кезде жиі стримингтік сервис телехикаяларынан байқап жүрміз. Актер «Алғашқы махаббат», «Мыстан» атты веб-сериалдарға түскен. Әртіс бүгінде мұндай туындылардың трендке шығып, көп қаралым жинауының әр түрлі себебі бар екенін айтады.

Дәурен Айдарқұлов, актер:

– Жалпы енді трендке түсе ма, түспейма білмеймін, Ол көп нәрсеге байланысты. Ол былай қарап жатсақ «Сержан братан» деген жобаны қарап жатсақ бір рет те трендке шықпаған. Бірақ санына қарасақ рекордтар қойып жатыр. Ол өйткені әр түрлі нәрселерге байланысты.

Нұрлан Қоянбаевты жақын арада үлкен экран емес, YouTube-тан көрсеңіз таң қалмаңыз. Себебі, тәжірибелі актер енді өзі мүмкіндігін веб-сериалдардан байқап көрмек.

Нұрлан Қоянбаев, кинопродюсер:

– Веб вериал түсіреміз деп шешім қабылдадық, көктемде. Жаз бойы дайындалдық. Қазір осы айда түсіріп жатырмыз. Бұл он екі сериядан тұратын комедия жанрындағы комедия, ой сериал.

Сондай-ақ, Нұрлан Қоянбаевтың пікірінше, карантин веб-сериалдардың YouTube-та көп қаралым жинауына себепкер болған. Продюсер: «Қазір елімізде интернетке бағытталған төл туындылар жетерлік», – дейді.

Нұрлан Қоянбаев, кинопродюсер:

– Веб сериалдар пандемия кезінде, карантин кезінде көрермендерге жақсы-жақсы сериалдар ұсынып көңілінен шықты халықтың. Сондықтан да қазір көптеген сериалдар шығып жатыр, бәрін көрдім деп айта алмаймын. Бірақ ел қуанып, инстаграмда естисің ғой, осныдай-осындай жақсы-жақсы дүниелер шығып жатыр деп. Мен қуанам өйткені өнер тоқтаған жоқ.

Еске салсақ, Нұрлан Қоянбаевтың YouTube-қа жүктеген фильмдерінің қай-қайсысы болмасын миллионнан астам қаралым жинаған. Мәселен, «Бизнес по-казахски», «Бизнес по-казахски в Америке», «Бизнес по-казахски в Африке» картиналарын сервисте 11 млн рет тамашалаған.