Киноға шақырту ала алмай, өз картинасын таспалаған актерлер кімдер?

Сообщить о проблеме с эфиром

Нұрлан Қоянбаевты тек өзі таспалайтын картиналарға түседі деп ойлап қалуыңыз мүмкін. Бірақ, ол актер ретінде кез-келген әріптесінің фильмінде төбе көрсетуге дайын. Алайда Нұрлан: «Ұсыныс білдірушілердің қарасы аз», - деп назын білдірді.

Нұрлан Қоянбаев, кинопродюсер:

- Осы жалпы өмірде «Нұрлан кинома түсіп берші, осындай киноға түсесіз ба?» деген ұсыныстар көп түспейді. Сондықтан да мен өзім күтіп отырамын. Біреу звондай ма звондамайма, звондамағаннан кейін өзім түсіремін десең да...

Актер, әзілкеш Жахан Отарғалиев та кино таспалауды қолға алды. Тіпті тұңғыш туындысын түсіру үшін зәулім үйін сатып, бар қаржысын фильмге салған-ды. Кезіндегі сәтсіз кастингтер мен режиссерлардың менсінбеуі керісінше, актерге ерекше мотивация сыйласа керек.

Жахан Отарғалиев, актер, кинопродюсер :

- Қазақстандағы белгілі продюсерлардың 60 пайызы хабарласты ғой. Кейбіреулеріне мен өзім барғам кезінде мені қабылдаған жоқ. Ол кішкене мотивация болды неге мен ол да мен сияқты адам, мен неге істемеймін деген сияқты.

Ал актриса Әсел Сәдуақасоваға тек бір типтегі рөлдерге шықырту түседі екен! Сондықтан, ол кинопродюсерлікті қолға алып, өз ойындағы кейіпкердің образын қағаз бетіне түсіріп, сценарий жазуға кіріспек көрінеді.

Әсел Сәдуақасова, актриса, кинопродюсер:

- Негізі ешқандай эксперименттен қорықпаймын. Керісінше өзімді батыл рөлдерден көргім келеді. Әзірге ондай мүмкіндік болмай тұр. Көп кинорежиссерлар үй шаруасымен шаршаған әйел бейнесінде көреді. Өкінішті.

Сондай-ақ, кинопродюсер ретінде өз фильмін таспалап, қалаған рөліне қол жеткізіп жүрген актердің бірі - Нұртас Адамбай.