Ziruza жеке шығармашылықты қолға алмақ па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Зируза дәл осы «Айт енді» бейнебаянымен 2017 жылы алғаш дебют алған еді. Әнші ару Ерлан Әлімовтың сәтті жобаларының бірі болды десек артық айтпаспыз. Бүгінге дейін Зируза 11 видеоклип пен 30-ға жуық трек ұсынған-ды. 4 жылда фанаттар армиясын қалыптастырып, Loyals-тың арқасында Q-pop ханшайымы атағын да иеленген еді.

Алайда, шығармашылығы шарықтап тұрған тұста, келісімшартты бұзу қос тараптың ортақ шешімі екен. Зируза продюсерсіз өнерде оңай емес екенін түсінсе де, енді еркіндікте әншілігін дамытпақ ниетте.

ZIRUZA, әнші:

- Еркіндік қой енді біріншіден. Бірақ қиын жақтары да өте көп. Өйткені ол жақта жаңағы өзің клип түсіресің, образ жасайсың, адамдармен келісесің деген сияқты. Әр жақтың өзінің плюс пен минусы бар. Бірақ соған қарамастан, өзіңе байланысты сияқты яғни сен соған төзе білсең ары қарай енді өзіңе байланысты.

Десе де, Зируза мен Ерлан достық қарым-қатынаста қалған. Q-pop әншісі өнердегі ұстазына берген білімі мен тәжірбиесі үшін алғысын білдірді.

ZIRUZA, әнші:

- Сол кісілердің арқаларында, өйткені сол кісілер бізге нәрсеге көзімізді ашты. Фундамент дейді ғой, ары қарай енді өзің кішкентай бала сияқты ғой, үйретеді саған жүру керек екен деген сияқты. Ары қарай өзің қағып аласың.

Зируза бірнеше айдан бері үнсіздікке кеткенін білеміз. Десе де бұл дауыл алдындағы тыныштық екен. «Енді тректерім өзге тілдерде де жарық көруі мүмкін», - дейді ол. Үлкен сахнаға бәз-баяғыдай өз есімімен оралмақ.

ZIRUZA, әнші:

- Шынымен де ия, менің шынайы жанкүйерлерім мен үшін қолдау көрсетіп жатқан сол кісілерге үлкен үлкен алғысымды айтқым келеді және де төзімді болайық, жақында барлығы болады, барлығы өз уақытысымен дейді ғой, сол үшін менде сіздермен асыға кездесуді күтіп жүрмін.