A.Z «Ninety one» тобынан кеткеннен кейін, алғашқы бейнебаянын шығарды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Қызыл кілем, дәмді ас және музыка! A.Z-дің бейнебаянын алғаш болып тамашалау үшін күллі бомонд бас қосты. Шоу-бизнес өкілдері рэперді дебюттық туындысымен құттықтап, қолдауға келген. Жұлдызды патиде 91-ліктер мен қоса «Bip House», «Yolo House» командалары да бой көрсетті.

Кештің басты жұлдызы атанған A.Z туындысын ұсынбас бұрын, ұзақ уақыт дайындалғанын айтады. Су жаңа клиптің идеясы да, сценарийі де Азаматтың өзіне тиесілі.

A.Z, рэпер:

- Негізі ол клиптің шығуына көптеген кедергілер болды. Өте қиын болып кетті, мен өмірімде бірінші рет графика мен анимациямен жұмыс жасап көрдім. И ол маған уақыт жетпей қалды кішкене созылып кетті. Қазір бір бір айға кешігіп қалдық.

«Ту» атты трекке анимациялық клип ұсыған A.Z бейнебаян арқылы түрлі мәселелерді қозғаған. Рэпер туындыға басы-қасы 2 млн теңге жұмсапты.

A.Z, рэпер:

- Ең бірінші ойым бұл клиптің, өлеңнің туындау мәселесі ең бірінші сол оймен жазғам. «ту» деген өлең, яғни балаларды ту, ту, ту және де тректе ту неше түрлі бағытта ашуым керек қой, біздің көк туымыз бар сол мәселесінде қозғадым. Бораттың әңгімен. Неше түрлі отсылкалар жасадым.

Клипте басты рөлде A.Z мен Ерке Есмахан. Ең қызығы, Азамат сүйіктісін бейнебаянға түсуге көндіру үшін тікелей емес, директоры арқылы шыққан.

Жан Мұқанов, продюсер:

- Эйзи маған хабарласады, Жан осылай Еркені клипке шақырсақ гонорары қанша болады екен деп маған Шымкентке звондады, сол мен Шымкенттен Еркеге звондадым. Солай только договорились.

A.Z, рэпер:

- Негізіндегі Еркенің образы клиптегі это основано на реальних событиях.

Еркенің клиптегі образы өзгеше. Ол бейнебаянда күндіз-түні күйеуінің миын жей беретін әйел кейпінде. Әнші алғашында мұндай жағымсыз кейіпкерді сомдауға қарсы болған екен.

Ерке Есмахан, әнші:

- Мен қаштым жоқ мен түспеймін менің көрермендерім түсінбейді менің олай, түсе алмаймын қалай болады ол, деп жоқ ол жақсы болады ол былай қарасаң былай ғо деп өзінің көзқарасымен маған түсіндіріп берді. Сен түспесең басқа бір актриса түссе ол қызық емес, өйткені екеуміз қазір жұппыз, содан кейін сенің түскенің бұл жерде растайды және де реалистично болады.

A.Z-дің клипін ең бірінші болып тамашалағандардың бірі - Гүлназ Жоланова. Актриса Азаматтың еңбегіне жоғары баға берді.

Гүлназ Жоланова, актриса:

- Бейнебаян сапа жағынан, музыканың сапалығы бейнебаянының сапалығы, кадрлардың зелена, графика бәрі ұнады, бәрі жоғары деңгейде және де бір Канье Уэсттің жұмысы сияқты шыны керек. Идеясы кейбір сахналары, браво только. A.Z-дің тың туындысы Ютубта бір тәуліктің ішінде, небәрі 50 000-ға жуық қаралым жинаған. Бұл көрсеткіштен кейін, Азамат енді «Найнти Уан»-дағы танымалдылығын қайтара ала ма деген сұрақ туындайды.