Веб-сериалдардың дәуірі келді ме? Неге бәрі осы жанрға көшті?

Сообщить о проблеме с эфиром

Веб-сериалдардың ютубтағы қаралымын көрген – Жеңісхан, енді өзі де канал ашып, монетизация жүргізуді жоспарлап жүргенге ұқсайды. «Бұндай туындылар, кино әлеміне серпіліс әкелді және басқаша ойлауды үйретті»,-дейді режиссер.

Жеңісхан Момышев, режиссер:

– Ондай сериалдарға иә, идеялар да бар. Туындылар да негізі бар. Мынау коронавирус болғаннан кейін сериалдың деңгейі алға шығып кетті. Өйткені кинотеатр жабылғаннан кейін, 30 процент болғаннан кейін сериалдардың уровені қазір бірінші орында тұр.

Әріптесінің пікіріне Мейірхан Шерниязов та қосылады. «Көрермен көзайымына айналып үлгерген, жақында 6-шы маусымы таспаланған «Патруль» сериалы теледидарда да, ютубта да жақсы рейтинг көрсетеді. Енді оны жаңа деңгейге көтереміз», - дейді. Қала берді актер, веб-сериалдардың неліктен өтімді екенін айтып өтті.

Мейірхан Шерниязов, актер:

– Бізге де көп жазады: «Патруль сериалы қашан болады? Күтеміз» деп. Бір айтарым бұл сериал емес, тағы болашақта үлкен киносы да болуы мүмкін. Біріншіден өте мықты сценарий. Екіншіден бұл жерде бәрі өмірдегідей. Переигрыш дейді ғой, ондай жоқ. И үшіншіден команда ғой біздің.

Атышулы веб-сериалмен атағы шыққан – Еділ Анарбай: «Маған қай бағытта болмасын айырмашылық жоқ. Образ ұнаса, рөлге кіре алсам келісемін», -дейді.

Еділ Анарбай, актер:

– Қазір адамдардың көбісі, ютуб желісінде отырады. Мен бөлмеймін. Ол веб-сериал болсын, ол телеканалдағы сериал болсын. Ақшасын да бөлмеймін.