«Әлия» әнімен танылған Садраддин енді команда жинап, лейбл құрмақ па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Садраддин таланттарға іздеу салады! Әнші өзінің жанына команда жинақтауға ниетті. Осылайша ол сапалы дүние шығаратынына сенімді. «Мықтылармен біріксек, бір бірімізге қолдау боламыз», - дейді.

Садраддин Болат, әнші:

– Бізде қазір бұйыртса тректер. Жақсы жігіттермен танысып, өзімнің командамды жинап жатырмын. Если что мен талантты балалар іздеймін жақында! Лейбл сияқты. Бірақ пока лейбл деп істемейміз. Бірге движение істейтін, менің жанымда жүріп, мен оған көмектесіп дегендей... Бір бірімізді толықтыратын дейді ғой.

Іріктеудің уақытын Садр, инстасында айтады. Әзірге үлкен дайындық үстінде екен. «Қойылар талаптар оп-оңай»,-дейді өзі.

Садраддин Болат, әнші:

– Ән айта алатын, ән шығаратын балалар керек қой. Текст жаза алатын. Креативный, идеясы бар, заряженный балалар керек қой. Әнді хит болады деп, хит болсын деп немесе трендке анандай сөздер қосып жазатын болсаң, ол кезде арзан дүние болып кетеді деп ойлаймын.

«Хит іздемеймін», - деген Садр көктемде жаңа жинағының тұсауын кеспек. Алғашқы әзірліктері әлдеқашан басталып кетіпті.

Садраддин Болат, әнші:

– Қазіргі тректерім сияқты жазамын. Орыс тілінде. Қазақ тілінде болатын шығар. Бірақ ол альбом орыс тілінде болады. Дәл қазір примерно демолардан 5-6 бар уже. Релиз ба? Көктемде шығар.