Дариға Бадықова имиджін түбегейлі өзгертпек! Актриса неліктен арықтауды жедел қолға алмақ?

Сообщить о проблеме с эфиром

Дариға Бадықова арықтап, өзі үшін рекорд орнатам деп, бекініп отыр. Актрисаның ендігі мақсаты 20 кг-ға дейін салмақ тастау. Өнер иесінің бұл шешімге келуіне оқырманының мақтау сөзі әсер еткен.

Дариға Бадықова, актриса:

– Ойда бар ғой. Арман, арман ғой, арман. Арман, одан кейін уже переход жасағым келеді. Бір әрі кетсе бір 10, 15, 20 кг дейміз ба, арықтасам бірақ елдің бәрі «О-о-о» деп соның өзінде сүйтетін сияқты. Қызығып, «Молодец» деген комплименттерді еститін сияқтымын. Сондай комплименттер маған мотивация болып тұр.

Сәйкесінше, Дариға Бадықова салмақ тастаудың түрлі жолдарын зерттепті. Бірақ соңында аппарат арқылы массаж жасап, аздыратын жаңа технологияны сынап көрмек. Ал спортзалға барып қалыпқа келуге актриса денсаулығы келмейтінін айтады.

Дариға Бадықова, актриса:

– Коррекция фигуры жасатам, иә. Спортқа жарамаймын негізінде, денсаулығым жарамайды. Тіземде травма бар. Тобығымда травма бар. Бір барсам екі күн барам, үшінші күні уже менде аяқ вообще ісіп кетеді. Жүре алмай қаламын. Сьемканың кезінде де травмаларым қатты әсер етіп жатады.

Дариға Бадықова расымен де, сұлулыққа аса мән бере бастағандай. Себебі, өнерпаз актрисалығымен қатар дәл осы әсемдік салаға қатысты бизнесін бастаған.

Дариға Бадықова, актриса:

– «Ары қарай өрлесе екен» дейсің, «Сауда жақсы болса екен» дейсің, «Қанша түсіпті?» деп сұрайсың. Сол сияқты нәрселер енді ол бір әр бір сауданы ашып жатқан адамның көкейіндегі нәрселер ғой.

Осылайша, Бадықова бизнесі мен сырт келбетін мықтап қолға алмақ. Оның үстіне кино саласындағы жобалары биылға өз мәресіне жеткен көрінеді.