Қазақстандық шоу-бизнестің бұрымдылары сымбатты көрінудің құпиясымен бөлісті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Ең бастысы жүйке тыныш болуы керек! Бұл Гүлназ Жоланова жүгінетін ережелердің бір бөлігі ғана. Одан басқа, актриса зиянды тағамдар мен энергетикалық сусындардан бас тартатын болып шықты.

Гүлнәз Жоланова, актриса:

– Ұйқым дұрыс және де спорт және дұрыс тамақтану. Съемка және де бір жаққа ұшатын кездерде өте қиын болады. Дегенмен мысалы 3-4 күн съемкадан кейін 2-3 күн міндетті түрде демалып, режимді дұрыстап алуым керек.

Сырт келбетінің сымбатын қатаң сақтайтындардың тағы бірі – Элизат Берікова. Бірақ әнші осы уақытқа дейін, күрделі косметикалық процедураларға жүгініп көрмепті.

Элизат Берікова, әнші:

– Шынымды айтсам мен спортпен айналыспаймын мысалы. Кей кездерде анда-санда бір массажға, болады ғой легкий бір процедураларға бармасам былай бір сондай бетті қырдыртып бір слойын алып тастап жатады ғой, мен шынымды айтсам қорқамын. Өйткені бетке бір рет тиіссең одан кейін ол ары қарата ол сұрана береді қырып тастауға.

Әйгерім Қалаубаева да әріптестерінен айырықшалана қойған жоқ. Ол да спортты серік еткендердің бірі екен. Бірақ әншіге соңғы кезде салмағын қалыпта ұстау қиынға соғып жүргенге ұқсайды.

Әйгерім Қалаубаева, әнші:

– Спортпен айналысып кішкене, жаңағы диета ұстайтын болса онда ол өз жаңағы нәтижесін береді. Сондықтан мен де спортпен де айналысамын. Арасында жаңағы есейе келе шыны керек салмақты қадағалау өте қиын. Сондықтан қазір мен сонымен айналысып жатқан жайым бар.