Отандық кинопродюсерлер тек қалтасын қалыңдату үшін фильм түсіретіні рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Бүгінде Құралай Анарбекова табысты продюсерлер қатарына кіретіні жасырын емес. Еске салсақ, Анарбекованың «Брат или Брак» туындысы жарты млн касса жинаған еді. Таяуда ғана «Тойхана» фильмін ұсынған актриса үшін, кеткен шығынды ақтап алу басты мақсат.

Құралай Анарбекова, актриса, кинопродюсер:

- Мен үшін комерческий жағы әрине тоже маңызды. Бірақ та, көрерменнің назарынан шығу керек. Өйткені көрерменді алдай алмайсың. Егер фильмінің, киноң ұнамаса, ертең киноға келмей қалуы мүмкін. Сондықтан да өзіңе де, продюсер ретінде жағымсыз, егер коментарий есту, «Фильмі онша болмады», - деп.

Карантиндік шектеулерге қарамастан, өз фильмдерін ұсынып жүрген Тимур Бақтыбаев үшін де қаржы жағы маңызды. Себебі, продюсер түсірілімге кеткен ақшаның аз еместігін айтады.

Тимур Бақтыбаев, кинопродюсер:

- Себебі ол жерде, камерасы бар. Актерлардың гонорары бар, жұмысшылардың гонорары бар. Ол жерде бағанағы арендасы бар, несі бар дегендей, рекламасы бар. Оның бәрі ол тегін емес, ондай арзан шығады деп айта алмаймын. Негізі киноның бюжеті 100 мың доллардан асты.

Алайда Жеңісхан Момышев фильмнің көрерменнің көңілін көтеру мен берері бірінші орында болу керек екенін алға тартады. «Сонда ғана мол табысқа кенелуге болады», - дейді режиссер.

Жеңісхан Момышев, режиссер:

- Екеуі де болу керек, өйткені енді салған ақшаны шығару керек, қаражаттарды орындау керек. Сондықтан екеуі де.