Хомяк 35 миллионға жуық оқырманмен ТМД-лық тиктокерлерді басып озды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Алинаның ендігі бағыты – АҚШ. Бірақ қашан, не үшін және кіммен контент жасайтынын жасырын қалдыруды жөн санады. Себебі: «Мен жоспарларым жайлы айта бастасам, орындалмай қала береді. Бәрін сол сәтте білесіздер»,-дейді өзі.

Алина Ким, тиктокер:

– Актерлік жолды аңсаймын. Одан бөлек дизайнер, стилист болғым келеді. Әзірге ой үстіндемін. Менің ойымша, адам үнемі ізденісте жүруі керек. Тикток түсіремін. Бұл мен үшін хобби. Сонымен қатар жұмыс.

Тағы тиктокер соңғы жаңалықтарымен бөлісіп өтті. Алина бала кезгі арманына қол жеткізіпті. Толықметрге түскен.

Алина Ким, тиктокер:

– Жақында ғана Мәскеуге барып келдім. «Иноватор» атты фильмге түстім. Қалай шығатынын білмедім. Қатты қобалжып жүрмін. Онда мен өз-өзімді сомдадым. Түсірілім 3 күнге жалғасты. Қаңтар айының басында прокатқа шығады.

Одан бөлек Хома ендігі 35 миллион аудиториясы үшін жасайтын, контент-жоспарын айта кетті. Өзі ұстанатын бірнеше қағида бар екен:

Алина Ким, тиктокер:

– Мені бақылайтын аудиторияның ауқымды екенін білемін. Жауапкершілік те жоғары. Сондықтан контентімді қатаң бақылаймын. Ол дегені: жартылай жалаңаш образдарсыз, боғауыс сөздерсіз «Кидс-френдли» бағытын ұстанамын.

Қала берді Хомякты «жалған жазылушы жинадың» деп жазғыратындар бар екен. «Себебі аз уақытта бұндай жетістікке жетуге болатынын, жоққа шығарғысы келетіндер жетерлік. Дегенмен мен мойымаймын»,-дейді өзі.

Алина Ким, тиктокер:

Оқырмандарымның арасында, мені «Әлеужелідегі фолловер санын, жасанды жолмен көбейтті» деген ой бар екен. Негізінде олай емес. Оның қалай жасалатынын да білмеймін. Оған көп ақша кететін шығар. Менде бәрі белсенді оқырман.