Жеңісхан Момышевтің уәде берген әні қашан жарыққа шығады?

Сообщить о проблеме с эфиром

Айдана Мәулен, журналист:

- Жақында Жеңісхан Момышев ресейлік әнші Сосо Павлиашвилиге клип таспалады. Өзгеге бейнебаян түсіріп Жеңісхан өзінікін ұмыт қалдырған жоқ па? Момышевтың жеке клипі қашан жарыққа шықпақ? Одан бөлек, өнер иесінің уәде берген толықметрінің тағдыры не болып жатыр, бүгін білеміз!

- Жеңісхан қайырлы күн, қалыңыз қалай?

Жеңісхан Момышев, режиссер:

- Сәлеметсіз бе, жақсы, өздеріңіз қалайсыздар?

- Жақсы, жақында сіз Сосо Павлиашвилиге клип түсіріп бердіңіз. Сосо Павлиашвили өзі ұсыныс білдірді ме клип таспалап беруге?

- Жоқ, біздің Қазақстанда представительдерлі бар, продюсерлары. Сол кісілердің өздерінің проектері шықты Омар деген. Сол кісімен дуэт айтамыз деген еді, сонымен бірге клип түсірсек бола ма деп. Содан кейін Қазақстанға шақыртып, бірге дуэт айттырып, соған бейнебаянға режиссер ретінде шақырды.

- Ән махаббат тақырыбына арналған ба?

- Иә

- Негізі махаббат тақырыбында бейнебаян өте көп, сіздер қалай ерекшеленбексіздер?

- Енді қатты қазір бейнебаяндар бір-бірімен ерекшеленеді деп айта алмаймын. Өйткені жасалған нәрсе жасап қойған. Тек қана сапасына, мән береміз. Сондықтан менің жұмыстарымның барлығы сапалы болғаннан кейін сапа жағынан жақсы болады.

- Сосомен жұмыс істеген қалай екен?

- Үлкен кісі болғаннан кейін андай Ресейден келіп Қазақстанда түсіріп жатқаннан кейін, басында 20-30 минуттай бір сенбейтіндей болып көрінді, қазақтың жұымыстарына. Сондықтан бір жарты сағат өтіп екінші биге дайындалып түсіріп жатқанда ол кісі қосылып бірге площадкада көңіл көтеріп сондай болып кетті. Өйткені профессионалдық жағына қарағанда сол кезде сене бастаған сияқты болды. Бірақ аяғында кеткенде құшақтап кетті ғой бәрімізді.

- Идеялардың барлығын бірге ақылдастыңыздар ма Сосомен?

- Жоқ, ол кісімен вообще кездескен жоқпыз. Осы жақтағы продюсерлары осылай Жеңісхан режиссер болады деді. Сондықтан әнді жіберді. Осы жақтан дайындап ең қызығы ол кісіге костюмдарын бір ең үлкен размер жіберіппіз де, маған сол размер болады деп. Костюмерларға айттым да осындай табыңдар деп. Сөйтсем, ол кісінің размерінен продюсер кішкене шатасыпты, табылатын размер екен де. Сондықтан бір күн қалғанда өзім жүгіріп осы жақтағы үлкен қымбат дүкендерге барып үлкен бір жақсы көйлек алдым. Сол кісі келгенде клипқа келетіндей етіп алғаннан кейін, сыйлық ретінде тапсырдым.

- Сосо Павлиашвилимен Айқын 6 жыл бұрын бірігіп фит жазған еді. Сіздің бірге ән шығарсақ деген ойыңыз болмады ма?

- Сосомен бе?

- Иә...

- Білмеймін, Сосомен енді жақсы араласып дос болып кетіп жатсақ, әрине жазуға болады.

- Бізге берген сұхбатыңызда әншілікке қайта оралуым мүмкін деген едіңіз, бірақ әлі күнге дейін тынышсыз, неліктен?

- Ән жазу үстіндемін, ән жазу үстінде болғанда оранжировкасын жазып, «Бұйрабас» деген әнді алдында сіздерге интервьюға келгенде шығарамын дегенмін, орысша айтқанда «Сапожник без сапога», - дейді. Ішімде бір щелчок болмай жатыр да барып жазып тастау керек деп. Или Алматыда жүргеннен кейін жұмыстар көп, семьям бар, содан кейін бір студияға тыныш кіре алмай жүрмін.

- Басында «Шымкентский Шерлок Холмс» толықметр фильм, сосын сериал болады дедіңіз. Ол туындының тағдыры не болып жатыр?

- «Шымкентский Шерлок Холмс» уже мюзикл бола ма деген ойда бар. Өйткені ең басында мюзикл ретінде жазғанбыз. Одан кейін полный метр қылып кинотеатрға шығаратын болып шештік. Одан кейін сериал деп.

- Режиссерлік етуге шақырып жүрген продюсерлер жоқ па?

- Режиссер ретінде иә, басқа картиналарға шақырады. Бірақ, олардың гонорарлары аз. Сол гонарарға орысша айтқанда мне легче клипы 3-4 снять ну отыра беруге.

- Жұмыстарыңызға сәттілік!

Айдана Мәулен, журналист:

- Жеңісхан, сұхбатыңызға рахмет! Жеңісхан Момышев түсірген Сосоның клипі осы аптада шығады. Ал, Жеңісханның өзінен әндер, фильмер күтеміз.