«Tolqyn music fest 2022» фестивалі қалай өтті?

Сообщить о проблеме с эфиром

Гүлдана Мұқан, тілші:

- 12 000 орындық ауқымды кешен, ерекше атмосфера! Дәл бүгін мен «Алматы Аренаның» үлкен сахнасындамын. Себебі бұл жерде «Толкын мюзик фест» фестивалі өтеді. Ресей мен Қазақстанның жас музыканттары бас қосқан кеш – лайф форматта өтпек. Сондықтан мен концерттің атмосферасын қалай бар, солай көрсетемін.

Damelya Sweet, блогер:

- Damelya бүгінгі кеште - жүргізуші, ең басты адам болады. Көңіл-күй қалай?

- Керемет күшті, кішкене уайымдап жүрміз.

- Қобалжу, әрине, болады. Дайындалдың ба?

- Шынын айтсам, тек қана look-тарымды дайындадым. Бүгін қазір ғана сценарийді алдым. Харизмамен өткіземіз ғой бұйыртса.

- Образыңа тоқтала кетсек....

- Менде бүгін бес образ болады. Мына образ білмеймін енді қалай, сағат екіде миға келген образ. Екінші образ өзімнің коллекциямнан образ болады. Үшінші төртінші бесінші чисто спортивка ғой.

Гүлдана Мұқан, тілші:

- Бірнеше минуттан кейін, ауқымды фестиваль басталады. Тыңдармандар асыға күтіп тұр, себебі олардың айғай-шуынан-ақ, барлық атмосфераны сезуге болады.

- Дәл қазір менің жаныма Колорит деген әнші келе жатыр.

- Көңіл-күйіңіз қалай?

Colorit, музыкант:

- Все супер!

- «Tolqyn Music Fest»-қа арнайы шақырту алдыңыз ба?

- Я как гость наверное здесь. Потому что, мне очень интересно послушать как будет выступать артисты наши Казахстанские, ну естественно, приезжие те кто вот Слава Мэрлоу. Потому что я как бы делал кавер на песню быстро Слава Мэрлоу, вот и мне будет очень интересно послушать как это будет звучать в оригинале.

Гүлдана Мұқан, тілші:

- Дәл қазір біз сахна сыртына барып әртістердің дайындығын көретін боламыз. Бұл жақ әдеттегідей қараңғы болып тұрады, себебі барлық жарық сахнаға қойылған.

- Сәлеметсіз бе! Өтіп кетсем....

- Жо-жоқ болмайды!

- Не себепті?

- Рұқсат жоқ бұл жаққа!

- Мүлдем кіре алмаймыз ба?

- Жо-жоқ, кіре алмайсыздар!

- Өкінішке орай ішіне кіре алмаймыз бірақ, барлық қызықты жіберіп алмауға тырысамыз.

Бүгінгі кеште топовый хедлайнерлердің бәрі бар. Мәселен, ТМД-ға танымал Рахим, Слава Мэрлоу, Сэй Мо, Акха сынды әртістер арнайы шақырту алған.

Гүлдана Мұқан, тілші:

- Бүгінгі кештің тағы бір қонағы - Jaman T. Көргенімізге қуаныштымыз, көңіл-күйіңіз қалай?

Jaman T, рэпер:

- Сәлем, бәрі жақсы, тамаша, ерекше, ғажап.

- Енді бүгінгі кештің форматы live, жанды дауыста өнер көрсету қиындық тудырмай ма?

- Жоқ, қиындық емес, біз уже жұмыс істеп жатырмыз ғой, поэтому қиын емес бізге нормально.

- Жаңа толқын фестивалі, Қазақстанның жаңа музыкасына, жаңа леп алып келеміз дейді, жауапкершілік сезінесіз бе, жас музыкант ретінде?

- Иә, әрине, жауапкершілік бар, оның бәрін түсінеміз, поэтому әндеріміз таза, жақсы.

- Дәл қазір құпия қонақ шыққан сияқты, себебі барлығы бетперде киіп алған, бұл номер өте бір шоуға толы болатын сияқты. Қазір көреміз!

Ауқымды фестивальде құпия қонақ әдеттегідец шетелдік әнші емес, өзіміздің музыканттар болып шықты. Мәселен, Интроверт пен Акханың бірігіп ән шырқауы көрермен үшін күтпеген жәйт еді. Бүгінгі кеште жігіттер сұранысқа ие болған «Вечера» атты коллабын орындады.

Гүлдана Мұқан, тілші:

- Қазір ғана Интроверт өнер көрсетті, әншінің көңіл-күйі қалай? Бәрі сәтті өтті ме, өзінен сұрап білеміз.

IntroVert, музыкант:

- На самом деле очень неожиданно получилось что мы выступаем, выступили секретным гостем. Было очень приятно.

- Жанды дауыста айту қаншылықты оңай?

- Нужно изначально себя готовить к этому, выступать чаще в живую. Очень многие артисты выступают под плюсы, не могу выгребать, поэтому советую всем более трудному идти, в живую выступать это не передоваемое эмоции на самом деле.

Гүлдана Мұқан, тілші:

Кешке келген әрбір әртістің өзінің райдері бар. Мәселен демалатын бөлме, сусындар немесе тағы да қалаған дүниелері талап болып саналады. Ал, кеште ерке әнші кім және олардың қояр талаптары қандай ? Оның бәрін сұраныстыруды ұмытпаймыз.

- Райдеріңіз бар ма?

Jaman T, рэпер:

- Иә, бар.

- Қандай?

- Рэдбул, су, полотенце, болды.

- Бөлме?

- Объязательно бөлме, паровой утюг, көп су болса болды бізге.

Sadraddin, музыкант:

- Менде райдер деген жоқ, мен келіп отырсам болды.

Гүлдана Мұқан, тілші:

- Танымал тикток хаус «Bip House» мүшелері бүгін кешке арнайы қонақ ретінде келген.

- Бүгін кімнің фанатысың?

Диас Алпысбаев, «Bip House» командасының мүшесі:

- Бүгін Сәй Мо мен Декуиннің фанатымын.

- Сәй Моның ең сүйікті әнің?

- Лям.

- Айтып бере аласың ба?

- Жо-жоқ.

- Бүгінгі кешке жұлдызды блогерлар да шақырту алған. Қай әншіге фанатсыңдар?

Әнел Кенжебекова, блогер:

- Садр...

Мерей Абилова, блогер:

- Садрадин, Принц, Бонопарт, Рахим.

- Ал, 5 мыңнан астам тыңдарманды жинаған фестиваль 7 сағатқа созылды. Кеште соңғы болып Слава Мэрлоу және Асха Принц өнер көрсетті.

Гүлдана Мұқан, тілші:

- Алматы Арена көрермендерге лық толмаса да, кеш атмосфераға толы болды. Ең бастысы, өнер көрсеткен әртістер келген көрерменнің көңілінен шыққаны сөзсіз