Санұржан Сүлейменов қазақстандық киноның жаңа жұлдызы ма?

Сообщить о проблеме с эфиром

Гүлдана Мұқан, тілші:

- Бүгінгі кештің жұлдызы – Санұржан Сүлейменов. Жас актер әр туындыға ерекше талғаммен түседі. Онымен қоса ол тек қана басты рөлдерді ғана сомдайды және актерлық шеберлігі көрермен көңілінен шығып жүр. Сонымен, Санұржанды қазақстандық киноның жаңа жұлдызы деп атай аламыз ба?

Санұржан Сүлейменов «Патриоттар уақыты» фильмінің басты кейіпкері атанды. Күні кеше тұсауы кесілген картина әскери экшн жанрында. Лентада Отан алдында қызмет етіп жүрген екі ағайындының оқиғасы баяндалады. Оның бірі ұшқыш болса, екіншісі майордың образында.

Гүлдана Мұқан, тілші:

- Көріп тұрғандарыңыздай, Санұржанға қол жеткізу мүмкін емес, жас актердан сұхбат алу үшін мен кезекке тұратын сияқтымын.

- Байқаймын, фильмдерге таңдап түсесің. Алға қоятын бір критерийлерің бар ма өзіңнің?

Санұржан Сүлейменов, актер:

- Көп түспеуге тырысамын өйткені, өзінді іштей, бір кездерде болды өзім кинода айтар нәрсем бітті ма энергетический деп сондай бір сезім болды. Одан кейін Ресейге кеттім, өзімді сынадым. Сөйтіп-сөйтіп жылына бір рет болсын, екі жылға бір рет болсын шықсам, меніңше, іштей бір энергияны жинақтап-жинақтап шығаратындай сол дұрыс сияқты. Әйтпесе, ол деген жәй ғана ақша жинауға болатын дүние емес.

- Ал «Время патриотов» сені несімен қызықтырды?

- Өте масштабты проект болды. Өте көп сейджай болды. Өмірімде бірінші рет Қазақфильм студиясында жасыл экранда жұмыс істедік.

Ал, Санұржанның фильмдегі туған ағасын Данияр Алшынов сомдайды. Тыңшы майордың кейпіне енген актерге көбіне төбелес сахналары берілген.

Гүлдана Мұқан, тілші:

- Қайырлы кеш, премьерамен құттықтаймыз. Таныстыра кетсеңіз?

Данияр Алшынов, актер:

- Шәріпбек Закиров, актер болашақта режиссер, мәскеуде оқиды. Менің жан досым.

- Көптеген туындыға таңдап, талғап түсесіз бұл фильм сізді несімен қызықтырды?

- Фильм очень наверное необычный для казахстана, потому что любопытно снимать экшн. Но в данном случае я думаю, подход к экшну был очень такой основательный изначально были сделаны сцены под графику. Я думаю в плане экшена я думаю будет прорыв для казахстанского кино.

Гүлдана Мұқан, тілші:

- Асқар Илиясов алғаш рет екінші планда. Соңғы жылдары тек басты рөлдерді сомдап жүрген актер бұл туындыға қалай тап болды, қалай екінші рөлдегі образды қабылдады өзінен сұрап көрейік.

- Неге бұл жолы, басты рөл емес?

Асқар Ілиясов, актер:

- Өйткені, уақытым болмады, басты рөлге.

- Бірақ шақырту алдың ба?

- Иә, иә. Шақырту алдым.

- Уақыт болмағандықтан екінші пландағы образға келістің бе?

- Келістім, әрине.

- Біле білсек тек, басты рөлдерде сомдайсың, екінші пландағы актер ретінде, қалай сезіндің өзіңді?

- Ой қызық, басқаша екен, біртүрлі. Бірақ жақсы демалыс күндерің көп болады.

- Топ актерсің жастардың ішінде, сұраныста болу үшін не істеу қажет?

- Үнемі сұраныста болу үшін, тоқтамай жұмыс істеу керек. Спортпен айналысу керек, медитация, кітап оқу керек.

- Өзіңнің қатарластарыңнан ішінен қандай актерді мойындайсың?

- Данияр, Ансар және Жандос Айбасов болсыншы.

Картинада қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі баяндалған. Соның бірі - жігітердің түзу жолдан тайып, харам іске бет бұруы. Ал, туындыда жастарды бұзақы атандыратын жағымсыз кейіпкер - Иісбек Әбілмәжінов.

Иісбек Әбілмәжінов, актер:

- Актер широкого профиля болып тұрмын ғой.

- Оған сөзіміз жоқ.

- Сіз үшін жас актерлардың ішінде болашағы зор, атай аласыз ба кім?

- Атай аламын. Дәурен Серғазин, Әділ Ахмет, Дайыров..

- Еркебұлан?

- Еркебұлан Дайыров.

Әскери драманың режиссерлық тізгіні Серікбол Өтепбергеновке бұйырған.

Гүлдана Мұқан, тілші:

- Фильмның басты идеясы қандай?

Серікбол Өтепбергенов, режиссер:

- Я хотел показать патроитизм в том плане, что есть простые ребята которые на столько қарапайым да что они не рождены быть героями, а их ситуация заставила стать героем.

- Қалай ойлайсыз, жастар мұндай туындыларды қызығып көре ме?

- Әрине көреді, мы рассчитываем именно на них.

- Фильм тамашаладыңыз, көрермен ретінде көңіліңізден шықты ма?

Азиз Бейшеналиев, актер:

- На моей памяти это первое кино снятое в Казахстане, ну по крайней мере которое я увидел на таком мощном эффектном уровне снято. Аскар, Сануржан, Данияр это актеры фанатом которых я являюсь.

Жеңісхан Момышев, режиссер:

- Фильм тамашаладық өте ұнады, енді осыдан кейін осындай патриотический кинолар Қазақстанда көп болады деп ойлаймын и комедиялар кішкене азаяды деп.

Төлепберген Байсақалов, актер:

- Өте-өте керемет, ондай кино қазір керек.

- Жастар қаншалықты осындай киноны тамашалауы керек?

- Жастар өзің айтып жібер, жастар міне тұр ғой.

Ермұрат Меңтаев, жас актер:

- Вот такой монтаж он очень сильный, я хочу чтобы вы ходили на такое кино и поддерживали такое кино.

- Лентаны алғаш болып өнер өкілдері ғана емес, әскери мамандар да тамашалап өз бағасын берді.

Мақсұт Жұмаев, ҚР Қарулы Күштерінің майоры:

- Я не скажу что это прям шедевр потому что условно продюсеры и режиссеры и актеры замахнулись такое большое такой вот такое поле как бы целину еще вскрывать и вскрывать.

Аталмыш лента Қазақстанда ғана емес, 12-ші мамырдан бастап Ресейде де көрсетілетін болады. Оған қоса туынды орыс тілі мен қазақша дубляждалған.

Гүлдана Мұқан, тілші:

- Сәуір айында осымен бір емес, бірнеше драма жарыққа шықты. Комедияны сүйіп көретін қазақстандық көрермен, жаңа жанрды жатсынбай ма? Оны алдағы уақытта кассалық табыс көрсетеді. Ал мен сіздерге «Время патриотов» фильмін көруге кеңес беремін