«Алатау» дәстүрлі өнер театрында премьера!

Сообщить о проблеме с эфиром

Сымбат Сағындық, тілші:

Бүгін «Алатау» дәстүрлі өнер театрының сахнасында М.Әуезовтың 125 жылдық мерейтойына орай «Айман-Шолпан» атты музыкалық комедияның премьерасы өтпек. Актерлардың дайындықтары қызу. Қойылымды бірге көрейік.

Музыкалық комедияның режиссері Жұлдызбек Жұманбай. Ал қойылымда «Өзбектің» рөлін «Бақай» тобындағы – Тимур Пиязов сомдайды.

- Енді біз сені үнемі басқа сахналардан көріп үйреніп қалғанбыз. Сықиған Тимурды көріп үйреніп қалғанбыз. Жалпы қашаннан бері театрдасың?

Тимур Пиязов, «Бақай» тобының әншісі, актер:

- Мен театрда, 2013 жылы Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясын тәмәмдадым. Содан кейін 2013 жылы Бәйтен Омаров атындағы жас сахна театры бар. Сол театрға жұмысқа кіргем. 2016 жылға дейін сол жерде 3 жыл жұмыс жасадым. Содан кейін 2017 жылы осы Алатау дәстүрлі өнер театрына жұмысқа кірдім.

- Негізі театрдың жалпы репетициясының қалай өтетінін білеміз иә, бір күніңді арнау керек. Театр мен шоу-бизнесті қатар алып жүрген қиын емес па саған?

- Өте қиын, өте қиын. Енді қолдан келгенше алып жүрмін. Көптеген жаңағы концерттерге бара алмай қалған сәттерім болды. Өйткені бізде таңертеңнен кешке дейін дайындық болады осында, көптеген жаңағы тойларымызды да, концерттерімізді де жіберіп алған кездеріміз болды, өте көп болды. Творчествамыз, әрине жазылып жатыр, әндерімізід жазып жатырмыз. Құдай қаласа, жақын арада осы Ресей қаласында өтетін керемет концертке барамыз, «Бақай» тобымен.

- Керемет жаңалық, жақсы Тимур, сәттілік!

- Менің жанымда Айман-Шолпан спектаклінің барлық музыкалық композициясының авторы Дидар. Жалпы өзің толықтырып айтып берсең, ерекшелігі, бүгінгі концерт, қойылым түгелдей тірі дауыста өтеді?

Дидар Исахан, композитор:

- Әрине, ең бастысы сол ерекшелігі тірідей. Өйткені, бұл тірідей, неге ең басты деп жатырмын, бұл мюзикл сияқты қойылым. Сондықтан, көп спектакльдерді, мюзиклдарда жаңағы запись қолданады. Бізде бүгін полностью тірідей болады.

- Қобалжу бар ма?

- Әрине, өзімде бар, өйткені бұл менің бірінші үлкен жұмысым. Оған дейін ертегіге жазған болатынмын. «Әгугай мен Игигай» осы біздің Алатау дәстүрлі өнер театрында қойылады. Бүгінгі енді қойылым – «Айман-Шолпан». Мен үшін үлкен бір сын сияқты.

- Негізі дайындық өте қызу жүріп жатыр, жүріңіздер. Әне бата беріп жатыр, дайындалып. Сіз кімді сомдайсыз?

- Мен Жантықты сомдаймын. Жетірудың ақыны, Әлібек батырдың жанында жүретін ақын жігіт.

- Жақсы, Жантық, сәттілік!

- Рахмет.

- Былай отырайық біз де енді. А, бастайын деп, сол үшін отырсыз ба? Сіз кімді ойнайсыз?

- Мен шалдың рөлін, Көтібардың қосалқы.

- Негізі жасыңыз нешеде?

- Жасым 40-та, 70-тегі адамды ойнаймын.

- Қойылым осы қазір бітті, міне, әлі эмоция суыған жоқ. Кім Айман, кім Шолпан?

- Мен – Айман, мен – Шолпан.

- Жалпы енді бүгін премьера болды ғой, көрерменнің қабылдауы қалай болды? Мен айтайын, залда ине шаншар орын болған жоқ.

Жанерке Дүйсембиева, «Алатау» дәстүрлі өнер театрының актрисасы:

Көрермен өте керемет қабылдады. Өзіміз осылай қабылдайды деп ойлаған жоқпыз, шыны керек. Өйткені қатты қобалжыдық. Комедияны ойнап шығу енді оңай емес, өздеріңіз білесіздер.

Құралай Өтепова, «Алатау» дәстүрлі өнер театрының актрисасы:

- Бірақ көрерменнің ыстық ықыласын сездік, рахмет.

- Негізі «Айман-Шолпан» поэмасын нешінші класстарыңды немесе неше жастарыңда оқыдыңдар?

- Енді 7-класста оқыдық. Мектеп кезінде, иә, жыр түрін оқыдық. Бұл – Мұхтар Әуезовтың екінші нұсқасына жазылғаны. Сол екінші нұсқасын яғни музыкалық комедия жанрында ойнап шықтық бүгін сахнада.

«Алатау» дәстүрлі өнер театрыны 8 маусым күні Қазақстан бойынша, гострольдік сапарларын бастаған еді. Театр директоры, дайындықтың жеткілікті мөлшерде болғанын айтады.

Ринат Заитов, ақын, «Алатау» дәстүрлі өнер театрының директоры:

- Енді бұл алғашқы гастрольдік сапар. Біз бір жыл бойы соған лайықты репертуар қалыптастыруға тырыстық. Ендігі кезекте соны қалалардың, жалпы халық, жергілікті менталитетке байланысты «ұнайды-ау» деген шығармаларды іріктеп-іріктеп, әр қалаға әртүрлі қылып апарып жатырмыз. 13-і Астанадан басталады. Содан кейін, Астана, Екібастұз, Павлодар, Семей, Аягөз, Абай.

-Программада қандай қойылымдар бар?

- Программада «Айман-Шолпан» бар осы премьерамыз. «Әсем әуен, көркем қимыл» концертіміз бар, ол жаңағы біздің ансамбль мен бишілер құрамының концерті. «Алтыбақан» ойын-сауық кеші бар, сосын балаларға арналған «Әгугай-Игигай» ертегісі бар.

Сымбат Сағындық, тілші:

Міне осымен 2 сағатқа созылған спектакль де өз мәресіне жетті. Көрерменнің ықыласы зор болды. Енді театр ұжымына алдағы гастрольдік сапарда сәттілік тілейміз!