Қолтырауын! ННН-нің туған күніне досы кәдімгі тірі – аллигатор тарту еткен.

Сообщить о проблеме с эфиром

Айдана Мәулен, тілші:

Біз дәл қазір елімізге белгілі блогер ННН-нің туған күніндеміз! Көптеген танымал жұлдыздарды көріп тұрмын. Айтулы кешке кім қандай сыйлық әкелді? Мереке барысында қандай тосынсыйлар болады? Бірге білейік.

NNN, блогер:

Нұрдәулет сәлем!Қаншаға толып жатырсың?

Айхай, 25! 25-ке толып жатырмын құдай қаласа!

25 жасыңда алған ең қымбат сыйлығың қандай болды? Кімнен болды?

Ең қымбат сыйлық, машинамды берді ғой қайта 90 млн-дық, екінші досым 30 млн-ға үй алып ал деп ақшалай берді. Кезінде маған поддержка бердің ғой деп. 30 млн,сондай болып тұр жоба.

Жуырда ғана ННН-ге 30 миллион теңгені қоржынына салып берген досы - Дархан Жолшыбеков!Дегенмен, серінің тосын сыйлары мұнымен түгесілмепті. Африкадан арнайы алдырған тірі жыртқыш сыйлап, қонақтардың арасында ерекшеленуге барын салды.

Сезіп тұрмын да эмоциясын қатты шығарғысы келіп тұрғанын. Бірақ өз-өзін ұстап тұрды да бірақ қорқып кеткен сияқты. Қорқытқым келді негізі мақсатым.

Шын мәнінде сыйладың ба әлде уақытша ма?

Жоқ, шын мәнінде ол соныкі.

Ойлайсың ба,Нұрдәулет оны қарай алады, баға алады деп?

Ол жағын білмеймін.

Өткізіп жіберсе сіз ренжімейсіз?

Әрине, әрине ренжімеймін.

Қаншаға алдыңыз?

3 млн 200-ге.

«American style»! Кештің негізгі дресс-коды осы! Дараланғандарын Нұрдәулет қомақты сыйлықпен қуантуды да ұмытпады.

Неге «American style» деп осы дресс кодты бекіттіңдер?

American style себебі алдыңғы жылы 80-х болды. Американский, үшіншісі қазақи болады бұйырса. Одан да үлкен, күшті болады.

ДАРХАН МЕН DARICORN, блогерлер отбасы:

Менің қасымда қазір Дархан мен Дарикорн тұр.Бүгінгі дресс-одты сақтап «американ стайл» болып келген өздері.

Yes...

Қанша уақыт дайындалдыңыздар?

Біз жарты сағатта дайындалдық.Шынымен.Маған бір сағат кетті.

30 млн сыйлайтынын Дархан сізге айтты ма?

Иә, біз бірге шешім қабылдадық.

Үлкен сомманы жалпы жақындарының өзі сыйлай бермейді ғой, неліктен мұндай шешімге келдіңіздер?

Үлкен сумма дегенде біз үшін бұл үлкен емес.Дееееп, ойнап айтам. Ойбаааай. Қатты кіріп жатырмын образға. Жарайды ойнап айтам. Бұл бұрыннан ойлап жүрген мақсатым еді. Негізі мен машина сыйлаймын ба деп ойлағанмын. Содан кейін елдер жынды ма, Нұрдәулеттің өзі бір түрлі қабылдар еді ғой. Машинасын өртегісі келіп жатыр. Ақшалай берейін, дальше өзі көрсін деп.

Сіздердің контентіңізді көріп, видеоларыңызды көріп, жұрттың бәрі хайп деп жатыр. Бұл аяқ асты неге мәрт бола қалды деп. Статистика көтеру үшін емес пе?

Неге аяқ асты? Мен бұрыннан мәрт етінмін.Бірақ көрсетпейтінмін. Оказывается көрсету керек екен.Сол кезде хайп екен.

Жақында Құралай Анарбекова 5-ші фильмін таспалап бітті. Бұл туындыда Нұрдәулет те төбе көрсеткен-ді. Болашақта, Анарбекованың тағы бір фильмінен басты рөлде ННН-ді көріп қалсаңыз таң қалмаңыз. Өйткені, продюсердің айтулы кешке дайындаған сыйлығы осы.

Құралай Анарбекова, продюсер:

Бір рөл, басты рөл деймін ба фильмге)

Шынымен ба, болашақта?

Иә.

Онда жақында Нұрдәулетті бір күшті кинодан көретін боламыз.

Бұйырса, рахмет!

Анеля Кенжебекова, блогер:

Ақшалай подарка ғой.Әлішер күшті бір үлкен подаркасын сыйлады, сыйлайды то есть.

Әлішер Қонысбаев, блогер:

Еуропаға ма или бір жаққа тур берейін ба деп тұрмын да, бірақ ол андай сияқты өзі де барып жүр ғой негізі.

Әйгерім Абдулла, блогер: алдыңғы жыл мен «Rolex» сағатын оригинал сағатын сыйлағанмын. Осы жолы басқа зат, одан арзан енді.

Жомарттық – ННН-нің екінші аты! Жеке мерекесімен құттықтап келген қонақтарын да «қуыс үйден құр шығармады».Мәселен, продюсер Тимур Бақтыбаев, «Аппақ келін» Фатима Кулибали, Арман Жаналиевтер жаңа «air pods» олжалап қайтты.

NNN, блогер:

Былтыр туған күніңе 15 мың доллардай ақша жұмсаған едің. Биыл қанша кетті?

Бұл жолы 10 мың доллардай ақша кеткен шығар примерно. Бәрі таныстар, көмектесіп осы жолы әйтеуір, рахмет барлықтарыңа. Поддержка беріп жатыр.

Нұрдәулеттің туған күніне анасы Кентау қаласынан арнайы келді. Айтулы кештің қонақтары ННН-ді дүниеге әкелген жанға тұрып қошемет көрсетті.

Жаным балам, жасыңа жас қоса бер, туған күнің құтты болсын. Жасыңа жас қоса бер!

Ең біріншіден денсаулық тілеймін және де осы алдына қойған мақсаттарына жете берсін. Өйткені пландары, жоспарлары көп. Және осы жоспарларды жүзеге асырғанда адал жақын достары болсын.

Ауырма, бар бол, бақытты бол! Бай бол! Самый главный кредит алма!

Нұрдәулет, бақытты бол, ең бастысы сол, бізге жеңге керек. Тезірек тойға барайық. Тезірек тусовка болсын. Сондықтан балалы-шағалы болып тезірек отбасылы бол.

Ниетімізді ННН біледі.Сондықтан да ешнәрсе айтпаймыз. Онда мен өзім айта беремін.Нұрдәулет саған ашық аспан, зор денсаулық, әрқашан осылай күліп жүре бер.

Ешқашан ауырма, ата-анаң аман болсын,Шолпан апше мамасы өте жақсы адам, мен өзінің қызы сияқты санайды. Ол кісіге де зор денсаулық тілеймін. Өте жақсы келін түсірсін деп айтамын. Жақсы қыз бұйырсын, шын жүректен. Түсіндің ба?Деп айтсаң...

Айдана Мәулен, тілші:

Міне осымен 150-ге тарта блогердің басын қосқан туған күн аяқталды.Бәрі ННН-нің деңгейінде! Ал біз өз кезегімізде Нұрдәулетке бар жақсылықты тілеп, келесі жылы өтетін мерекесін күтеміз!