Берік Айтжанов түрік елінің кинонарығын жаулады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Гүлдана Мұқан, тілші:

- Біз бүгін Алматы қаласынан 80 км қашықтықта орналасқан, Күрту ауданына арнайы түсірілім алаңына келдік. Тау баурайындағы локация Берік Айтжанов басты рөлді сомдайтын «Носорог» фильмі таспаланып жатыр. Дәл қазір киногерлердің жұмысын бірге бақылайтын боламыз.

100 маманнан жасақталған түсірілім командасы! Тіпті, ауа-райының қолайсыздығына да киногерлерге «Носорог» фильмін таспалауға кедергі болмақ емес. Ал жобағадағы техника арнайы Беларусия елінен әкелінген.

Дәл осы фотодағы – Брайюк есімді түрмеден шыққан детектив, яғни кино және театр актері Берік Айтжанов. Көзінің түсіне дейін өзгерткен киногерді мұндай образда көрермен әлі көрген жоқ.

Әділхан Ержанов, режиссер:

-Байқауымша бұл проект сіздің Берік Айтжановпен төртінші жобаңыз қателеспесем иә?

- Иә, иә, Берік екі бірдей фильмімде басты рөлді сомдады. «Голиаф» және «Носорог». Берік мен үшін талантты тұлға, нағыз кәсіби маман. Сондықтан Айтжановпен жұмыс істеу менің мақсаттарымның бірі болды.

Гүлдана Мұқан, тілші:

- Картинаның сюжет желісі ұлын жоғалтып алған әйел хақында. Ол бұл жағдайдан шығу үшін детектив жалдайды. Ал бұл күтпеген салдарға әкелмек.

Анна Старченко, актриса:

-Режиссер Әділхан Ержановтың киноларына түсу көптеген актерлардың арманы, сіз қалай тап болдыңыз?

- Армандауғға тұрарлық екенін сөзсіз. Бірақ мен шақырту алдым.

-Фильмде сіздің партнеріңіз Берік Айтжанов, ол кісімен коннект қалай болып жатыр?

- Берік өте талантты актер. Партнерлығында келсек, жоғары деңгейде деп айта аламын. Қажет болса ақылын айтады, қажет болса ақыл сұрайды. Біз бірге осымен екі жобада бірге бой көрсетіп жатырмыз.

«Носорог» - «Азиялық Оскарды» иеленген режиссер Әділхан Ержановтың кезекті авторлық туындысы. Киногер өзі болса, жоба өзге туындыларына қарағанда ауқымдырақ екенін айтады.

Әділхан Ержанов, режиссер:

- «Носорог» фильмі сіздің өзге авторлық туындыларыңыздан несімен ерекшеленбек?

- Менің ойымша, туындыда оқиға көп, кейіпкерлердің түрлі хикаясы бар. Бәрін іспен көрсетеміз, сондықтан көрерменнің іші пыспас.

- Біз дәл осы локация үшін, біршама киломерт қашықтыққа келдік, сіз әр локацияны таңдаған кезде өте мұқиятсыз, бұл жерді таңдауда қанша уақыт кетті?

- Бұл істі ркінші режиссер мен операторыма сеніп тапсырамын. Біз барынша концептуальды түрде локация іздеуге айлап уақыт жұмсаймыз.

-Сіздің әрбір туындыңызда Қаратас атты ауыл бар, ол қиялдан туған сияқты, оның бір құпиясы бар ма?

- Қиялдан туындаған мекен. Өзіме мүлдем жоқ локациямен жұмыс істеген ұнайды. Сонда ғана ешкімге кесірің тимейді.

Драма жанрындағы «Носорог» лентасы қазан айында көрермендерге ұсынылады. Оған дейін жоба әлемдік кинофестивальдерде бақ сынамақ.