Артур Төлепов актерлықтан, бау-бақша жұмыстарына бет бұрған ба?

Сообщить о проблеме с эфиром

Соңғы он шақты жылда шоу-бизнес пен кино әлемінен көрінбей кеткен Артур Төлеповты, түсірілім алаңынан таптық. Бұл «Жау жүрек мың баладан» кейінгі толықметрі екен.

Артур Төлепов, актер:

- Менің рабочая сторонам басқа жақта еді. Сонда да... Дегенмен де Артур, мен сізді мазалайыншы...

– Тағы да үйленіп жатырсыз ба?

– Тағы да үйленіп жатырмын. Бүгін бесінші күн үйленіп жатқаныма.

– Мен Артур Төлеповты «Жау жүрек мың баладағы» Ілиястан кейін көрмей кеткен едім. Немесе мен сіздің шығармашылығыңызды бақыламай кеттім деген сөз. Дегенмен де, осы аралықта 11-12 жылдың ішінде Артур қайда болды?

– Негізі сол өзіңіздің сұрағыңызға өзіңіз жауап бердіңіз. Шығармашылығымды дұрыс бақыламағансыз. Былай ғой «Жау жүрек мың баланың» арқасында бір қатты танылдық. Одан кейінгі рөлдеріміз еленбей жатқан сияқты да. Оның ортасында негізі көп жобаларға түстік. Сериалдар: Зәуре, Шалғайдағы оқиға, Менің мектебім, Нартәуекел деген сериалдар көп.

 

Тек қана телесериалдарда төбе көрсетіп кеткен Артур, заманның ағымынан қалмауды құп көреді. Тиктокқа тіркелген 20 мың оқырманы бар.

 

Артур Төлепов, актер:

– Шығармашылығыңызды бақыламасам да. Тиктокта жиі отыратындардың бірімін. Стримдерден жиі көрем сізді. Бір стримнен қанша түседі?

– Өте көп. 2 миллион теңге. Сол мен қазір киноны қойып, машина алып жатырмын. Феррари десем сенесіз ба? Часто дегенде, сіз мені жақын арада байқап қалған боларсыз. Өйткені мен көп уақыт бойы кірмеген болатынмын. Қазір енді кіріп, өзімнің аудиториямды жинап жатқан жайым бар. Бұйыртса қанша тапқанымды, келесі түсірілімде кездесіп қалған жағдайда, кошелегымды көрсетемін.

– Кино киносымен, өнер өнерімен, сериал сериалымен. Дегенмен де, Артур Төлепов осы аралықта бір кәсіппен айналысқан шығар?

– Иә, кәсіптеміз. Жалпы теплица бизнесындамыз. Помидор, қияр өсіреміз.

– Нешеден болып жатыр килограммы? Әлде оптом ба?

– Оптом, оптом. Оптовикпіз біз. Енді 1 гектар жеріміз бар. Сол жерде помидор, огурцы, Алла қаласа келесі жылдан бастап клубника қосқымыз келіп жатыр.

– Сочный, мощный помидор, қияр керек болса...

– Бізге хабарласыңыздар.