Төреғали Төреәліні полицейлер құрықтағанда қасында қандай қыз болды? Біз анықтадық!

Сообщить о проблеме с эфиром

Видеодан Төреғалидің тәртіп сақшыларына қарсылық көрсетіп, айғайлап жатқанын байқауға болады. Бастапқыда ол автосына мініп алып, есіктерін іштен құлыптап, ешкімді көрмей отырғандай кейіп танытқан. Біздің бағдарламаға сәуір айында берген сұқбатында енді заңды белшеден баспайтынын айтып, ақтарылған еді.

Төреғали Төреәлі, әнші:

- Жасаған нәрсенің айыбын алып, заңға бағынамыз. Бауыржан атамыздың тәртіпке бағынған құл болмайды дегеніндей.

Төреәлі-тегіне әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 6 бабы бойынша айып тағылған және әнші өз кінәсін толықтай мойындаған. Олар: көлікті есірткі тұтынып жүргізу, құзырлы орган қызметкерлерінің ескертуіне бағынбау, бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кету, қарсы жолаққа шығу, жаяу жүргіншіні өткізбеу, міндетті сақтандыру шартын жасамау.

Желіде желдей ескен видеолардан Төреғалидің көлікте жалғыз емес екенін байқауға болады. Автода жан дауысы шыққан әйел адам да отырған. Оның кім екенін жұрт көпке дейін жорамалдады. Бұл сурет оқиға орнында әншінің жанында жары – Толқын Тұрарбекқызы болғанын растайды.

Әзірге әншінің өзінен не әулетінен ешқандай ресми ақпарат айтылмай отыр.