Еліміздің үздік әзілкештерінің басын біріктіретін Ұ-night шоу НТК-да!

Сообщить о проблеме с эфиром

– Кез келген ситуациядан орағытып өтетін, стресс конференцияны сын көрмейтін – Ұ-night шоу! Жаңа маусымда!

Бұл маусымда: «Ұр like», «Рэп батл» сынды жаңа айдарлардан бөлек, жаңа қытысушылар да сапқа қосылды. Солардың бірі – Сабина Мовлаева.

Сәуле Шарапат, Ұ-night шоу резиденті:

– Бізге жаңадан қыз қосылды. Сабина. Сабинаны бәрі білетін шығар таныстырмасаң да.

Сабина Мовлаева, Ұ-night шоу резиденті:

Мен блогер, тиктокер, әнші, актриса. Түүүй деп ше.

  • Модель деген қалып кетті ғой?
  • Өзін мақтап тұр дейді ғой. Сол ұнайт шоуда қатысушымын. Енді шамалы қиындау маған. Бірақ Сәулелер маған көмектесіп, ұлдарға да рақмет.

Елжан Халиуллин, Ұ-night шоу резиденті:

  • Жаңа резиденттер қосылды. Оның арасында қыз да бар. Қалай қолдарынан келіп жатыр ма?
  • Иә, күшті. Жақсы усиление болып жатыр. +01:15 – Жалпы біздің екі қыз да мощный.

Жобаның жаңа резиденттерін де сұқбатқа тартып көрдік.

– Халық қалай қабылдап жатыр?

Еламан Юсуп, Ұ-night шоу резиденті:

– Халық бұйыртса үйренгеннен кейін жақсы қабылдайды деген ойдамыз. Бірақ әзірше жаман емес.

Азамат Жарылқасынов, Ұ-night шоу резиденті:

– Жайдарманның жарық жұлдызы Еламан деген бауырымыз біздің. Өте күшті ғой.

Шоу қатарына жаңадан қосылғандардың бірі – Нұрдәулет Сейітомаров. Нұрдәулет те жайдарманшы. Дегенмен мамандығы өнерден алыс.

Нұрдәулет Сейітомаров, Ұ-night шоу резиденті:

– Ағаларыммен таласу қиын болып жатыр маған. Жеп қойып жатыр сахнада мені. Мен «А, а, а» деп қалып жатырмын тек.

  • Неге таласып жүрсің сен? Жәй ма?

Бұл маусымда жаңа жүргізуші. Жайдарманшы – Бақытжан Қаһар.

– Сізді жүргізушілікке ұсынған, шақырған кім?

Бақытжан Қаһар, Ұ-night шоу жүргізушісі:

– Мен енді жүргізушілікке өзімнің талантымның арқасында, өз дикциямның арқасында... Ағаларымыз ұсынды. Жайдармандағы, КВН-дегі ағаларымыз. Осы шоудың продюсері Еркебұлан Мырзабекке ұсынған көрінеді. Сол кісінің қабылдауымен осы шоудың жүргізушісі болдық.

– Резиденттердің ішінде ең қаталы өзіңіз деп жатыр.

Есет Мырзағазиев, Ұ-night шоу резиденті:

– Кім? Жас балалар ғой явно айтып жүрген. Шаштарын алам ғой.

  • Шынымен қаталсыз ба?
  • Жоқ, қайдан құрсын.
  • Ұрады деп жатыр.
  • Қой, шыбын өлтіріп көрген адам емеспін.

Әзілдердің миксынан құралған шоу – 5 сәуірден бастап, әр жексенбі, сағат 18:00-де НТК арнасынан эфирге жол тартады! Қызықтан құр қалмаңыздар!