Әнші Салтанат Бақаева енді продюсер!

Әнші, актриса, енді продюсер! Салтанат Бақаева алғашқы спектаклінің премьерасын өткізді. Бұл Салтанаттың тек продюсерлік жобасы емес, қоғамдағы әйел құқығына қатысты өзіндік ойы. «Зулейха» қойылымын сахнаға шығару үшін Бақаева біраз қиындықтан өткен. Тіпті, реформатор режиссермен біраз келіспеушілікке келсе де, өз манифестін жеткізе білді. Спектакль қалай өтті? Актерлық құрамда кімдер бар? Толығырақ әріптесім Мөлдір Нұрғалиқызы баяндасын...