Танымал қырғыз әншісі Ulukmanapo Алматыда жеке концертін берді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Шеслана Құсаинова, @sheslana_kusainova

«Летали», «Расстояние», «Азиатская эстетика» атты хит әндердің авторы, рэпер Ulukmanapo Алматыда! Мәдени астанамызда кезекті концертін беріп жатқан музыкантты қолдап келген кеш қонақтарының қатарында V $ X V PRiNCE, Raim, Shiza да бар. Ендеше ерекше кештің ғажайып атмосферасына бірге куә болайық!

 

Улукман Осмоналиев – көпшілікке Ulukmanapo лақап атымен танымал қырғызстандық рэпер әрі әнші. Өнер жолын 2009 жылы бастаған ол, 2016 жылдан бастап әлеуметтік желілерде белсенді түрде шығарамашылығымен бөлісіп халықтың ыстық ықыласына ие болған-ды. Музыкант күні кеше Алматыда кезекті концертін өткізіп, жанкүйерлерімен қауышты.

Ulukmanapo, музыкант, (Қырғызстан)

– Менің ойымша, концерт өте жақсы өтті. Маған бәрі ұнады. Кешке келген барша көрерменге алғыс білдіремін! Маған бұл жердегі атмосфера өте ұнайды. Қазақ бауырларымыз бізді әрдайым жақсы қарсы алады, қолдау көрсетеді. Мұнда өзімді үйде жүргендей сезінемін.

Ulukmanapo, музыкант, (Қырғызстан)

– Мен тіпті бұның немен байланысты екенін де білмеймін. Сахнаға шығар алдында үнемі уайымдаймын. Бірақ сахнаға шыққан сәтте қобалжу біртіндеп басылып, өнер көрсетіп жатқан кезде бәрін ұмытып кетемін.

 

Кеш хедлайнерлері – Raim, Shiza және V $ X V PRiNCE. Талантты өнерпаздар танымал тректерін орындап, тыңдарманын ерекше қуанышқа бөледі. Айта кетейік, Ulukmanapo эксклюзивті сұхбатында келесі отандық артистермен фит жазу үстінде екенін тілге тиек етті:

Ulukmanapo, музыкант, (Қырғызстан)

– Shiza-мен біз екі апта бұрын Алматыда жаңа әніміздің демо нұсқасын жаздық. Сондай-ақ Асхамен де болашақта жарық көретін ортақ трегіміздің бастапқы үлгісін дайындадық. Жалпы, алдағы уақытта бірлесіп жұмыс істегім келетін 10 шақты артист бар.

 

3 жыл қатарынан мәдени астанамызда концертін өькізіпжүрген мызыкант ендігі еліміздің басқа да қалаларындағы фанаттарымен жүздескісі келеді екен.

Ulukmanapo, музыкант, (Қырғызстан)

Концертпен басқа қалаларға да барғым келеді. Мысалы Астанаға. Біз Астанада бұрын-соңды болған емеспіз. Жалпы, Қазақстанда әлі барғым келетін бірнеше қала бар.

 

Әнші трек-листтегі барлық әнді орындағанмен, жанкүйерлері кеш иесін жібергісі келмей сүйікті әндерін қайта шырқауды сұрады. Ал музыкант болса тыңдарманның өтінішін жерге тастамай, хит релизін қайта шырқады. Концертке келген дүйім жұрттың бір бөлігі Ulukmanapo үшін келсе, енді бірқатары қазақстандық артистер үшін арнайы билет алғанын жасырмады:

 

Бүгінгі концертке кім үшін келдіңіз?

– Бүгінгі концертке V $ X V PRiNCE үшін келдім.

Ulukmanapo үшін келдім.

– Мен Raim үшін келдім. Райм үшін келдім. Райм үшін келдім. Мен де Райм үшін.

Ulukmanapo үшін.

 

Ulukmanapo ТМД елдері бойынша жоспарлаған турмен Алматыдан кейін, Мәскеу, Ош, тағы басқа қалаларда концертін өткізбек. Сонымен қатар бұл тізімде Санкт-Петербург пен Ташкент те бар.

Ulukmanapo, музыкант, (Қырғызстан)

– Менің ойымша, Ташкентте қазірдің өзінде менің тыңдарманым жетерлік. Көбірек адам келсе екен деймін. Бірақ шын айтсам, мен үшін бұл аса маңызды емес. Себебі мен кішкентай сахналардан бастағанмын.