Сүйінші! НТК телеарнасының үздік туындысы «Мошенники» сериалының 2-маусымы таспаланды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Цифрлық жүйе күн санап дамыған заманда алаяқтардың құрығына түсіп жатқандар қаншама. Бір мезетте бар ақшасынан айрылған тұрғындар, алданғанын дәлелдей алмай сан соғуда. Елімізде белең алған осы мәселені көтеріп, 2023 жылы НТК арнасы «Мошенники» сериалын таспалады.

Рүстем Омаров, сценарий авторы, актер:
– Алаяқтық ол адамдардың басынан кешетін азабы ғой. Сол үшін біз сол қылмыскерлердің жаңа әдістерін зерттеп, кейін оны ұсынамыз. Әрине, халық алданбасын деген ниетте.

 

Авантюраға толы, шынайы оқиғаға негізделген телехикая жарық көрген бойда үлкен резонанс тудырған еді! Араға уақыт салып, жоба авторлары сериалдың 2-маусымын таспалады. Туындының іріктеу кезіңіне 6000-нан астам өтінім қабылдап, нәтижесінде 500 үміткер бағын сынаған.

Олжас Нұрбай, режиссер:

Негізгі мақсат – көптеген жаңа аттарды ашу. Осы жолы «Мошенники 2»одан да көп дебютанттарды ашқым келеді. Мүмкіндік бергім келеді. Себебі, таланттар көп. Біздің көрермен айтып жатады ғой: «Ой, постоянно одни и те же лица!» деп. Оны айтатыны да бар.

 

Жаңа кейіпкерлер. Жаңа жүйелерді әшкерелеу. Сценарийі 7 ай бойы жазылған криминалды драма 2 ай дегенде түсірілімін аяқтады. Жоба авторлары бұнымен тоқтайтын ойы жоқ.

Олжас Нұрбай, режиссер:
– Схемалар аяқталмайды ғой. Схемалар ай сайын шығып жатыр. Халық ай сайын зардап шегіп жатыр. Сондықтан олар барда біз бармыз ғой.

Рүстем Омаров, сценарий авторы, актер:
– Негізі ол тек Қазақстанның проблемасы ғана емес, бүткіл проблема всего мира орысша айтқан кезде.

 

Ендігі шығармашылық ұжым жобаның толықметрін таспалауға кірісті. Алайда, бұл жолы туынды өз ауқымын кеңейтіп, әлемдік аренаны қамтымақ.

Олжас Нұрбай, режиссер:

Прям масштабы үлкенірек. Прям айтарлықтай үлкенірек деп айтуға болады. Барлық жағынан. Біріншіден – түсірілімнің белгілі бір бөлігі Түркияда болады.

 

Идея авторлары сериал мен толықметр жайлы біраз ақпаратты құпияда сақтауды жөн санады. Бұл жолы қандай алаяқтықтың түрі ашылатыны да әзірге беймәлім.

Рүстем Омаров, сценарий авторы, актер:

АФМ, МВД, КНБ, прокуратура, бәрі көмектесіп жатыр. Өйткені ол біздің мемлекеттік үлкен проблема. Сол үшін бәрі көмектесіп жатыр.
 

Әр бөлімі ютуб хостингінде 2-3 миллион қаралым жинайтыны телехикаяның жаңа маусымы бұл көрсеткішті жаңарта ала ма екен? Ол болашақтың еншісінде