Актриса Фариза Ескермес әншілігін қайта қолға алды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Фариза Ескермес өнерге алғаш рет әнші ретінде қадам басты. 4 жыл бойы JayRun girls-band-інің құрамында болып, кейін топ тарады. Алайда өнерпаз шығармашылық жолын музыка кеңістігінде емес, түсірілім алаңында жалғастырды.

 

Сөйтіп Фариза 2019 жылы кино әлемінде дебют жасап, бірнеше жобаларда бой көрсетті. Алайда актриса тек 2023 жылы ғана НТК арнасының үздік туындысы «Мошенники» сериалымен көпшілікке танылды.

 

Десе де Фариза қыз әншлігін сағынғанға ұқсайды. Актриса өзі секілді сахнаға жақында оралған Бидашкамен фит жазған. Бұл идея аруларға Мальдив аралдарында демалып жатқан кезде, аяқ астынан келген-ді.

 

Фариза Ескермес, актриса, әнші:

Ол негізі мынадай идея болған. Балжан өзі альбом жазып жатыр. Сосын мен де жұмыс процесіне араласып, әндер ұсынып, екеуіміз музыкалық талғамымыздың ұқсас екенін байқадық. Сосын неге екеуіміз бірге ән айтпаймыз деген ойға келдік…

 

Коллабарация жасауға бекінген бикештер өздеріне лайық трек іздеймін деп біраз әуре болған. Кейін сахна сылқымдарына әріптесі көмекке келген екен.

 

Фариза Ескермес, актриса, әнші:

Сосын мен Ирина Кайратовнадағы Алдикқа хабарластым. Алдик көмектеті. Жақсы битт пен мәтін жазатын жігіттерді ұсынды.

 

ИК тобының солисі Алдияр Жапарханов сұлулардың Alem-нің «Күйім» трегін жазған музыкантпен таныстырған екен. Ал ән саласының маманы оларға қуана-қуана қол ұшын созған.

Фариза Ескермес, актриса, әнші:

Міне 2 ай болды әнді әлі жазып жатырмыз. Әннің аты «өсек». Күшті қазіргі әндерге ұқсамайды. Кішкене батыс стиліне келеді.

 

Дуэт айтпаққа шешім қабылдаған Бидашка мен Фариза бейнебаян түсіруді де жоспарлауда. Ендеше, әнші арулардың тректері тренд төрінен табылсын дейміз!