Актер Санжар Мади имиджін ауыстырды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Танымал актер Санжар Мади жаңа образда! Бірақ бұл жолы обьектив назарында емес, театр сахнасындада! Өнер иесі Олжас Сүлейменовтің өлеңдерін оқып, көпті тәнті етті.

Санжар Мади, актер:

Аңыз тұлғаның өлеңдерін оқитын кезде қатты уайымдадым. Соңына дейін қолымнан келе ме деп ойладым...Көрермен қошемет білдіргенде ғана тынышталдым.

Тіпті образыңыздың өзі қатып қалған екен. Өзіңіз ойлап таптыңыз ба? Әлде қалай? Стилистпен ақылдастыңыз ба?

Санжар Мади, актер:

Осы шараға арнайы костюм тіктірдім. Кеше ғана киіп көріп, тігіншімен бірге түзетулер енгіздік. Барлығын Олжас Омарұлының стиліне сай етіп жасауға тырыстық.

 

Олжас Сүлейменов поэзия майталманы, сөздің тылсым қуатын тереңінен таныған ой алыбы. Оның әр өлеңі қазақ ұлтының тарихы мен өшпес үнін жеткізеді. Ол тұтас бір дәуірдің айнасы. Бүгінде ұлт жанашырының 90 жас мерейтойы.

Сіздің Олжас Сүлейменов жайлы білетін 3 факт айта аласыз ба?

Санжар Мади, актер:

Ол Невада Семей қозғалысын тоқтатты, біз қазір оқып жүрген мәңгілік жырларды жазды. Сонымен қатар ол ешқашан атына кір келтірмеген нар тұлға. Осы уақытқа дейін бір рет Олжас Омарұлы жайлы жағымсыз ақпарат естімеппін. Әрине бұл кез келген адам үшін үлкен жетістік.

 

Санжар Мади мектеп кезінен жазушының шығармаларымен сусындап, рухын шыңдап, сөз құдіретінің нәзік әлемін ерте аңғарған. Актердің фавориті Олжас Сүлейменовтың «Анаға» туындысы. Айта кетейік, поэтикалық кеште өнер иесі оқыған 14 өлеңді таңдауға Олжас Омарұлының өзі кіріскен екен.

Санжар Мади, актер:

Олжас Омарұлымен тікелей жұмыс істейтін арнайы адам бар. Ол жазушының шығармашылығымен жақсы таныс. Мен сахнада оқитын өлеңдерімді өзім таңдауға құқығым жоқ екенін айтып, бұл жұмысты оларға тапсырдым. Және әрине олардың ұсынғанын қуана қабыл алдым.

 

Өкінішке қарай, Олжас Сүлейменов денсаулығына байланысты, бұл кешке қатыса алмады. Десе де, жазушының қызы Мадина Олжасқызы актердің өнеріне көзайым болған көрерменнің қатарында болды.

Мадина Олжасқызы, О. Сүлейменовтың қызы:

Біріншіден маған оның қатты ұқсайтындығы ұнайды. Ол өлеңді дәл менің әкем секілді оқиды. Сол үшін де бүгінгі кеште әкемнің жас кезімен жүздескендей күй кештім.

Ал Олжас Сүлейменовтың рөліне, киноға шақырса?

Санжар Мади, актер:

Қуана-қуана келісемін.

Гонорар сұрамай түсетін шығарсыз?

Иә, мен ол кезде гонорарға қарамаймын.