Сахнадан көрінбей кеткен музыкант ARShAT енді киноға бет бұрмақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

 

Араға жарты жыл салып ARShAT жеке ән кешін берді. Соңғы бір жылда репертуарын да жаңартпаған музыкант, шығармашылық үзілістің өз себебі болды дейді.

ARShAT, музыкант:

Негізі биылдықа мен студиямды 4 рет алмастырдым. Солай көшіп қонып жүргенде жеке творчествоны сәл ұмытып кетіппін. Шынымды айтайын ізденіс үстінде болдым, іздегенімді таптым десем де болады. Қазір қайтадан оралдым.

 

Десе де, жыл соңында ARShAT трендтен түспеді. Оның «Екеуміз жайлы» әні қайтадан хит болып, музыкалық платформалардың үздіктер тізіміне енді. Еске салсақ, аталыш композиция таяуда ғана жарық көрген «Номер 37» фильмінің саундтрегі. Бірақ әннің өмірдегі кейіпкері мүлдем басқа.

ARShAT, музыкант:

Негізі бұл әнді жалпы 2019 жылы жазғанбыз. Бірақ оранжировкамен осы 2025 тің көктемінде шықты. Негізі үйленгенге дейінгі жүрген дос қызыма жазған әнім болатын. Сол кісі өзі 2 жылдай мені түрткіштеп жүретін. Маған қашан ән жазасын. Неге екеуіміз жайлы бір ән жоқ деп. Қазірден уақыт құртпай-ақ қоштаса салайық деген ниетте жазылған ән еді.

ARShAT, музыкант:

Біріншіден Жандос ағаға рақмет. Екеуі «№37 фильмінің режиссері, сол кісі саундтрек ретінде таңдаған болатын. Екінші кезекте Назар ағаға рақмет. «Екеуіміз жайлы» фильмінің клипің түсірген.

 

Аршат Хайролланың әндерін жақсы көретін тыңдарман оның кәсіби актер екенін білмеуі мүмін. Сахна арқылы танылған артист, болашақта өзінің мамандығы бойынша қызмет етіп көрмек.

ARShAT, музыкант:

Қазір біз сол жағынан да ойластырып жүрміз. Негізі ішімде шынымен де бір фильмдерге түскім келеді. Бірақ енді осы уақытқа дейін 3-4 кастингке бардым. Негізі средний образование, высшее образование менде актреский. Бірақ әнші болып жүрмін.

 

ARShAT киноға ғана емес, театр сахнасына да бет бұруы мүмкін. Музыкант тіпті тәуелсіз «Шам» театрының труппа құрамына да шақырту алған екен.

ARShAT, музыкант:

Негізі ондай ұсыныс Алматтан болды. Бірақ әзірге бас тартып жүрмін. Мен 3 жылдай театрда жұмыс жасаған адаммын. Қазір кішкене жеке қозғалуды жөн көріп тұрмын. Бірақ, мүмкін болашқта қайтадан үлкен актерлармен жұмыс жасап қалармын. Бәлкім.

 

2025 жылды сәтті аяқтаған ARShAT келер жылы шығармашылықта белсенді болуға уәде берді. Музыкант жанр өзгертіп, өзін басқа қырынан танытпақ. Әзірге оның таңдауы – хип-хоп бағыты.

ARShAT, музыкант:

Барлықтарынызға шексіз алғыс білдіремін және де алда шығатын біртүрлі ән болып және де сізге ұнамай жатқан ән болса онда сіздер оны критоковать етуге асықпаныздар. Арада бірнеше күндер салған кезде қайтадан тыңдап көріңіздер. Сол кезде бәлкім сіздерге ұнап қалар.